Главная »
Статьи » орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары
В категории материалов: 512
Показано материалов: 311-320
Созылмалы панкреатит кең тараған кеселдер қатарына жатады. Бұл кеселде тұрақты түрде диспепсиялық симптомдар кездеседі. Науқастар жүдейді, эпигастралды аумақта және сол қабырғалық астында ауыру білінеді. |
Ойық жара кеселі – ОЖК (пептикалық ойық жара) – үдерістің (процесстің) асқазанның немесе ұлтабардың (бүйеннің) шырышты қабығында орналасуымен болатын неврогендік дерт. ОЖК-нің пайда болуына тек күшті теріс эмоциялар ғана емес, сондай-ақ объективтік те, субъективтік те сипаттағы ұсақ күнделікті тітіркену жетелейді. |
Қанды мақсатты құю кейбір ауыр дерттерде, жарақаттануларда, күрделі операцияларда адам өмірін сақтап қалуға мол мүмкіндік береді.
Қан құюдың жолдары: көк тамыр (вена) ішіне, артерияның ішіне, аортаның ішіне және сүйектің ішіне.
|
Трансфузиология – бұл қан мен оның құрамдас бөліктерін (компоненттерін) құю, консервациялау туралы ғылым.
Гемотрансфузия – бұл қан мен оның компоненттерін құю. Басқа орталарды (сұйықтарды) құюды инфузия дейді. Гемолиз – бұл қан торшаларының, ең алдыңғы кезекте эритроциттердің бұзылуы. Антигендер – бұл организмде антиденелердің түзілуін шақыратын ақуыздық (белоктық) тегі бар және антиденелермен реакцияға түсетін заттар.
|
Гемотрансфузиялық процессте, яғни қан құю кезінде гемотрансфузиялық шок құбылысының дамуы ықтимал. Бұл қан тобы мен Rh-факторы бойынша сәйкессіздік болғанда туындайды, қан тамыр ішілік гемолиз болады.
|
Іш бүлігінің негізгі белгілері мен симптомдары мынадай:
- іш аумағындағы күшті ауырулар (ойық жара, соқрыішек-аппендицит, бауыр коликасы және басқалары);
|
Инсульт – бұл мидың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы шақыратын оның қызметінің тұтқиылдан ауытқуы. |
Иіс тию газымен улану пештік жылыту жүйесінің, газ колонкалараның бұзылуында (немесе дұрыс қолданылмауында), ішкі жану қозғалтқыштарындағы, өрт ошағындағы түтіннің әсер етуінде дамиды.
|
Термикалық күйікте (ыстық затпен күюде) мынадай белгілер мен симптомдар байқалады: ауыру, терінің қызаруы – І дәрежедегі күйік, торсылдақтардың пайда болуы – ІІ дәрежелі күйік, жара-торсылдақтар жарылған – ІІІ дәрежедегі күйік, терінің сүйекке дейін көмірге айналуы және сезімталдығын жоғалтуы - күйіктің ІV дәрежесі.
|
Қышқылдар мен сілтілер ішке түскендегі уланудың клиникалық суреті жергілікті және жалпы зақымдану белгілермен сипатталады.
|