Главная »
Статьи » орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары
В категории материалов: 512
Показано материалов: 291-300
А вирустық гепатитінде бауыр зақымданып, науқастарда уыттану (интоксикация) және сарғаю құбылыстары пайда болады. Бұл кеселдегі мейірбикелік күтімнің ерекшеліктері мынадай: |
Сібір ойық жарасы – жедел бактериалдық зооноздық инфекция. Ол интоксикациямен, теріде, лимфа бездерінде және ішкі ағзаларда серозды-геморрагиялық қабынудың дамуымен және терілік түрде (ерекшеліктік карбункул) немесе септикалық формамен өтуімен сипатталады. |
Қара шешек – ауыр уыттанумен (интоксикациямен) және тері мен шырышты қабықтарда везикулалық-пустулездік бөртпелердің дамуымен өтетін жоғары контагиозды жедел вирустық кесел. |
Геморрагиялық қызбасы (ГҚ) бар науқастарды көлікпен тасығанда абайлап инфекциялық стационарға жатқызады (бүйректің зақым алмауы үшін). |
Геморрагиялық қызбалар – бұл қызбалық реакциялармен және сан алуан геморрагиялармен бірге өтетін жедел инфекциялық кеселдер тобы. Бұл қызбалар клиникалық ағымы, қоздырғыштың ерекшелігі және таралуының географиялық аймағы бойынша жеке нозологиялық формаларға жіктеледі.
|
Психикалық ауытқулардың ішінде кең тарағаны фобиялар болып табылады. Олар мағынасыздығына қарамастан қарқындылығымен және жеңу мүмкінсіздігімен ерекшеленеді. |
Шизофрения – бұл созылмалы ағымға бейім мидың психикалық кеселі. “Шизо” сөзі грекше “қақ жарылу”, ал “френ” – “жан” дегенді білдіреді. Кеселдің себептері белгісіз. Дегенмен, кейде ата тектік берілу және қоршаған ортаның әсері байқалады. Шизофрения көбіне 17-ден 25-ке дейінгі жас аралығында басталады. |
Депрессия латыншадан аударғанда “басылып қалу, жаншылу” ұғымын береді. Ол екі деңгейдегі бұзылыстармен білінеді:
1) психикалық (пәс көңіл-күй және психикалық үдерістердің - процесстердің баяулауы);
2) физикалық (жалпы тонустың төмендеуі, қозғалыстың баяулауы, ас қорытудың және ұйқының бұзылуы). |
Миокард инфаркті - бұл жүректің ишемиялық кеселінің (ЖИК) клиникалық формаларының бірі. Мұндай кезде миокардтың, яғни жүрек бұлшықетінің телімінде ишемиялық некроз (өлі ет) пайда болады. Ол миокардтың абсолютті немесе салыстырмалы қанмен қамтамасыз етілуінің жетімсіздігінен туындайды. |
Созылмалы бронхит (СБ) маңызды әлеуметтік-медициналық проблема болып табылады және ғасыр дерттерінің біріне жатады.
|