Инсульт – бұл мидың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы шақыратын оның қызметінің тұтқиылдан ауытқуы. Оттегінің келуі тоқтаған жағдайда нерв торшалары бес минут ішінде өледі. Зақымдану ошағының орналасуына (локализациясына) байланысты инсульт симптомдарының әлсіздік, көз алдындағы қосарлану, сезімталдықтың, координация, сөздің бұзылысы, естің шатасуы болуы мүмкін. Инсультті кейде «ми қан айналысының жедел бұзылысы - МҚАЖБ», апоплексия, «соққы» деп атайды.
Инсульттегі күлуде ауыз қисаяды – беттің бір бөлігі адамның еркіне бағынбайды, ерін бұрышы (езу) жоғары емес, төмен түседі, науқас мас адам сияқты кідіріспен сөйлейді, зақымданған қол жоғары нашар көтеріледі. Тіл қисаяды немесе оның формасы дұрыс болмайды.
Инсульт симптомдарын білу үшін «КСК» деп аталатын 3 негізгі тәсіл есте болуы тиіс.
К - зардап шегушіден күлуді сұраңыз.
С – одан сөйлеуді өтініңіз. Мысалы «Терезеден күн түсіп тұр» деген сөзді айтуды.
К – одан екі қолын көтеруді сұраңыз. Сондай-ақ бұған қосымша тілін шығаруды өтінуге болады. Сол кезде бұзылыстар анықталады.
Инсульт кезінде шұғыл түрде «Жедел жәрдем» шақыру қажет.
Кулшара Утегеновна АБДИКАРИМОВА,
мейірбике,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы
Сурет www.narmet.ru сайтынан алынды
|