Ойық жара кеселі – ОЖК (пептикалық ойық жара) – үдерістің (процесстің) асқазанның немесе ұлтабардың (бүйеннің) шырышты қабығында орналасуымен болатын неврогендік дерт. ОЖК-нің пайда болуына тек күшті теріс эмоциялар ғана емес, сондай-ақ объективтік те, субъективтік те сипаттағы ұсақ күнделікті тітіркену жетелейді. Оған қоса ОЖК-нің дамуына темекі шегу де ықпал етеді. Никотин қан тамырларының тарылуына соқтырады және асқазанның қан айналуын бұзады. Әсіресе ашқарында шылым шегу зиянды. Алкогольді шамадан тыс тұтыну, қарынның шырышты қабығын тітіркендіретін түрпі тағамдарды пайдалану дерт дамуына жол ашады.
Асқазанның ойық жарасында ауыру тамақ ішкеннен кейін 30-60 минутте болса, ұлтабардағы ауыру кешіректеу туындайды.
Бүйеннің ойық жарасына үш симптом тән – өзіне лайықты ауыру, қан кету және рентгенологиялық зерттеудегі «ойыс» белгісі.
Гастрофиброскопия ойық жараны ыждағатты тексеруге ерік береді. Кеселді нақтылауда нәжісті жасырын қанға жүйелі тексеру маңызды.
Емінде дәрі-дәрмектік терапия диетамен, физиотерапиямен және емдеудің басқа тәсілдерімен бірлесе жүргізіледі.
Райхан Тулетаевна УРАЗБАЕВА,
гастроэнтерологиялық кабинет мейiрбикесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Арал аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Арал ауданы
Сурет www.medicus.ru сайтынан алынды
|