Термикалық күйікте (ыстық затпен күюде) мынадай белгілер мен симптомдар байқалады: ауыру, терінің қызаруы – І дәрежедегі күйік, торсылдақтардың пайда болуы – ІІ дәрежелі күйік, жара-торсылдақтар жарылған – ІІІ дәрежедегі күйік, терінің сүйекке дейін көмірге айналуы және сезімталдығын жоғалтуы - күйіктің ІV дәрежесі.
Алғашқы көмек
1. Зақымдаушы факторды алып тастау!
2.Күйік орнын суыту:
- І және ІІ дәрежеде ағын сумен 10-15 минут бойына суыту;
- ІІІ және ІV дәрежеде – таза ылғалды таңу, одан соң таңумен бірге тынық суға салып суыту;
3. Ылғалды таңумен жабу.
4. Тыныштық және шокқа қарсы шаралар.
Мыналарды істеуге болмайды: күйген жерге май, крем, жақпа май, ақуыз (белок) жағу, жабысқан киімді жұлып алу, торсылдақтарды жару.
Дененің күйген телімінен барлық зат алып тасталады: киім, белбеу, сағат, сақина және т.б. Денеге жабысқан киімді айнала кесіп алады.
Мына жағдайларда «жедел жәрдем» шақырылады:
- егер күйіктің аумағы зардап шегушінің 5 алақанынан үлкен болса;
- бала немесе кәрі адам күйсе;
- күйіктің ІІІ дәрежесі;
- шап аумағы күйгенде;
- ауыз, мұрын, бас, тыныс алу жолдары және қос қол күйгенде.
Умиткуль Байгабыловна ЖУМАШЕВА,
шақыру фельдшері,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы
Сурет www.skalpil.ru сайтынан алынды
|