Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Гемотрансфузиялық асқынулар. Алғашқы көмек

Гемотрансфузиялық процессте, яғни қан құю кезінде гемотрансфузиялық шок құбылысының дамуы ықтимал. Бұл қан тобы мен Rh-факторы бойынша сәйкессіздік болғанда туындайды, қан тамыр ішілік гемолиз болады.
Белгілері: мазасыздану, кеуденің сығуы, тыныс алудың қиындауы, белдегі, кейде барлық денедегі ауыру, ыстық тебу сезімі, қан қысымының (ҚҚ) төмендеуі, бәрі қанайды, жүрек айну, құсу, әлсіздік, терінің мрамор түстенуі, жедел бүйрек тапшылығы (ЖБТ). Бұл көбіне леталдық нәтижемен аяқталады.
Алғашқы көмек
- қан құюды жедел тоқтату;
- дәрігерді шақыру;
- шокқа қарсы препараттарды, жүректік дәрі-дәрмектерді дәрігер нұсқауы бойынша енгізу;
- жедел түрде плзмаферез жүргізу;
- бір топтағы қан құю;
- диуретиктер, криопреципитат, трасилол;
- «жасанды бүйрек» аппаратын қосу.   

Жанымкул Советовна ЕРАШЕВА,
мейiрбике,
қан дайындау бөлімшесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Арал аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Арал ауданы

Сурет doctorpiter.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (29.03.2015)
Просмотров: 8736 | Теги: жанымкул, гемотрансфузиялық шок, ерашева, ҚҚ, гемолиз, «жасанды бүйрек», ЖБТ, алғашқы көмек | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]