Қанды мақсатты құю кейбір ауыр дерттерде, жарақаттануларда, күрделі операцияларда адам өмірін сақтап қалуға мол мүмкіндік береді.
Қан құюдың жолдары: көк тамыр (вена) ішіне, артерияның ішіне, аортаның ішіне және сүйектің ішіне.
Клиникалық практикада қан құюдың мынадай түрлері қолданылады:
- тура емес, жанама;
- тура, тікелей;
- алмасу мақсатында;
- кері;
- аутогемотрансфузия.
Қанды тура емес, жанама құюда қан мен оның құрамдас бөліктерін вена ішіне флаконнан немесе контейнерден тамшылатқыш көмегімен енгізеді.
Тура, тіке қан құюда тұтас қан шприцпен тікелей донордан құйылады. Кері қан құю: серозды қуыстарға жиналған қанды жинап, сүзгілеп, пациентке қайтадан құяды. Алайда бұл кезде қанның түйірленуі, гемолизі, қабыну белгілері болмауы тиіс. Қанның ағу мерзімінің 2-4 сағаттан аспауы керек!
Алмасу қан құюында алдымен қанды ағызады, одан соң ағызылған қаннан көлемі 100-200 мл-дей асатындай етіп донор қаны енгізіледі. Бұл улануларда, гемолитикалық кеселде қолданылады.
Аутогемотрансфузияда алдын ала дайындалған пациенттің өз қаны құйылады.
Жанымкул Советовна ЕРАШЕВА,
мейiрбике,
қан дайындау бөлімшесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Арал аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Арал ауданы
Сурет www.zdorovieinfo.ru482 × 322 сайтынан алынды
|