Трансфузиология – бұл қан мен оның құрамдас бөліктерін (компоненттерін) құю, консервациялау туралы ғылым.
Гемотрансфузия – бұл қан мен оның компоненттерін құю. Басқа орталарды (сұйықтарды) құюды инфузия дейді. Гемолиз – бұл қан торшаларының, ең алдыңғы кезекте эритроциттердің бұзылуы. Антигендер – бұл организмде антиденелердің түзілуін шақыратын ақуыздық (белоктық) тегі бар және антиденелермен реакцияға түсетін заттар.
Алғаш рет адамнан адамға қанды 1819 жылы Бледнел құйды.
Қан тобы – бұл ата тек арқылы берілетін және әрбір индивидуумның биологиялық қасиеті болып саналатын белгілі бір антигендердің және қанның басқа генетикалық белгілерінің бірлесуі.
Адам қанындағы агглютиногендердің (эритроциттерде) және агглютининдердің (плазмада) комбинациясына байланысты қанның 4 тобы ажыратылады.
АВ0 жүйесінен басқа тағы 15 жүйе беретін қан тобының 200-дей комбинациясы болады, бірақ практикалық мәнге тек АВ0 жүйесі ие.
Агглютинация – торшалардың бір-біріне желімделуі. Донор – бұл қанды, оның компоненттерін, тіндерді немесе ағзаларды басқа адамға силайтын адам. Реципиент – қабылдаушы адам, оған қан, оның құрамдас бөліктері құйылады немесе ағзалар мен тіндер қайта орнатылады, Бұл ұғымдарды білу трансфузиологиядағы мейірбикелік үдерістің дұрыс жүргізілуі үшін қажет.
Жанымкул Советовна ЕРАШЕВА,
мейiрбике,
қан дайындау бөлімшесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Арал аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Арал ауданы
Сурет www.neuro.neva.ru сайтынан алынды
|