Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Іш бүлігіндегі алғашқы көмек

Іш бүлігінің негізгі белгілері мен симптомдары мынадай:
- іш аумағындағы күшті ауырулар (ойық жара, соқрыішек-аппендицит, бауыр коликасы және басқалары);
- ішті басып байқағандағы қатаю, тіпті кейде іш тақтай тәріздес қатты;
- науқастың «эмбрион» кейпінде (позасында) жатуы;
- әлсіздік, қалтырап-дірілдеу.
Іш бүлігіндегі жасауға болмайтын әрекеттер: ішті қыздыру, тамақ беру немесе сұйық ішкізу, «іштегі ауыруға қарсы» табелткалар беру, «бәрі өздігінен кетер» деп шыдау және үміттену.
Алғашқы көмек:
- ішке суық басу;
- ашығу;
- тыныштық сақтау;
- тез арада дәрігерге көлікпен жеткізу. Мұның өте қауіпті жағдай екенін естен шығармаған жөн. Ол кейде елеулі операция жасауға жетелейді. 
Ең дұрысы шұғыл түрде «жедел жәрдем» шақыру.  

Кулшара Утегеновна АБДИКАРИМОВА,
мейірбике,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы
  

Сурет vra4am.org сайтынан алынды

  

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (27.03.2015)
Просмотров: 1881 | Теги: іш бүлігі, алғашқы көмек, абдикаримова, кулшара | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]