Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Созылмалы панкреатит туралы

Созылмалы панкреатит кең тараған кеселдер қатарына жатады. Бұл кеселде тұрақты түрде диспепсиялық симптомдар кездеседі. Науқастар жүдейді, эпигастралды аумақта және сол қабырғалық астында ауыру білінеді. Метеоризм нәтижесінде іш кебеді. Нәжістік массалар майлы болып кееледі, өйткені май қортылмайды.
Қанның және зәрдің биохимиялық талдауларында кейде панкреатикалық ферменттердің мөлшері артады.
Бұл кеселді емдеуде диетаға зор мән беріледі. Сырқаттың тәулігіне 5-6 рет тамақ ішуі тиіс. Алкогольді, маринадтарды, қуырылған, майлы және ащы тағамдарды ас мәзіріне жолатпау керек.
Антиферменттік бұйымдармен (гордокс, контрикал) емдеу курсы тағайындалады, липотроптық бұйымдар, табиғи қарын сөлі, антибиотиктер қолданылады.
Кеселдің алдын алуда панкреатиттің жедел түрін тыңғылықты емдету, салауатты өмір салтын ұстану (жұғымды тағам, алгольден және темекіден бас тарту, шынығу және т.б.) маңызды.      

Райхан Тулетаевна УРАЗБАЕВА,
гастроэнтерологиялық кабинет мейiрбикесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Арал аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Арал ауданы

Сурет www.tiensmed.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (29.03.2015)
Просмотров: 1812 | Теги: райхан, уразбаева, созылмалы панкреатит | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]