Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


А вирустық гепатитіндегі мейірбикелік күтім

А вирустық гепатитінде бауыр зақымданып, науқастарда уыттану (интоксикация) және сарғаю құбылыстары пайда болады. Бұл кеселдегі мейірбикелік күтімнің ерекшеліктері мынадай:
- науқастың қуат деңгейіне сәйкес келетіндей етіп оның белсенділігін төмендету. Сырқаттың төсектік режімінің жайлылыған қамтамасыз ету.
- пациенттің №5 диетаны сақтауы бақыланады. Егер оның тәбеті жоқ болса, тағамды аздап, бірақ жиі ұсынады.
- көптеген жағдайларда жүрек айнуы мен тәбет жоғалту науқастарды кешке дейін мазаламайтындықтан тағамның көп мөлшерін азанмен және аз порциясын кешке кешірек беру қажет.
- сусыздануды болдырмау үшін сұйықтың жеткілікті көлемін тұтынуын қамтамасыз ету керек (тәулігіне 2 литрден кем емес).
- терінің қышуы бақыланады. Мұнда бенадрил немесе хлор-трименал дәрілері қолданылады.
- сондай-ақ күнделікті мейірбикелік тексеру, пациенттің проблемаларын анықтау және оларды тәуелсіз мейірбикелік араласулар арқылы шешу атқарылады.   

Орынбасар Дайрабаевна КУРМАНБАЕВА,
мейірбике,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет www.webmedinfo.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (01.04.2015)
Просмотров: 819 | Теги: А вирустық гепатиті, мейірбикелік күтім, курманбаева, орынбасар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]