Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Миокард инфарктіндегі шұғыл көмек

Миокард инфаркті - бұл жүректің ишемиялық кеселінің (ЖИК) клиникалық формаларының бірі. Мұндай кезде миокардтың, яғни жүрек бұлшықетінің телімінде ишемиялық некроз (өлі ет) пайда болады. Ол миокардтың абсолютті немесе салыстырмалы қанмен қамтамасыз етілуінің жетімсіздігінен туындайды.  
Шұғыл көмек
- Дәрігерді үшінші адамды жұмсап шақыру
- Науқасқа Фаулер кейіпін беру (бас жағын көтеру)
- Толық денелік және психикалық тыныштық қамтамасыз ету
- Қан қысымын бақылай отырып тіл астына бір таблетка нитроглицерин беру
- Аспириннің 1/2  таблеткасын майдалап беру (науқас шайнайды)
- Электрокардиограмма (ЭКГ) түсіру
Дәрігер келгенше дайындау:
1. Ауыруды алып тастау үшін – дроперидолмен бірге фентанил – вена/ішіне
2. Тыныс жиілігін бақылап морфин немесе атропинмен бірге промедрол
3.Ырғақ профилактикасы үшін – венаішіне лидокаин ағын түрінде
4. ҚҚ төмендегенде  - мезатон, преднизолон
5. Тромбоэмолиялық асқынулардың профилактикасы үшін антикоагулянттар – гепарин, стрептокиназа.
Науқасты  қарқынды терапия палатасына жатқызады.

Светлана Дузелхановна НУФТУЛЛАЕВА,
мейірбике,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы

Сурет lechenie-simptomy.ru сайтынан алынды

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (30.03.2015)
Просмотров: 948 | Теги: ЖИК, миокард инфаркті, экг, шұғыл көмек, ҚҚ, Фаулер кейіпі, Светлана, нуфтуллаева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]