Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


ШИЗОФРЕНИЯ

Шизофрения – бұл созылмалы ағымға бейім мидың психикалық кеселі. “Шизо” сөзі грекше “қақ жарылу”, ал “френ” – “жан” дегенді білдіреді. Кеселдің себептері белгісіз. Дегенмен, кейде ата тектік берілу және қоршаған ортаның әсері байқалады. Шизофрения көбіне 17-ден 25-ке дейінгі жас аралығында басталады. 
Жер шары тұрғындарының шамамен 1,5 пайызы шизофренияға және психоз белгісімен жүретін дерттерге шалдыққан.
Шизофренияға тән симптомдар:
1) галлюцнациялар – адам басқа адамдар естімейтін дауыстарды естиді және көрмейтін заттарды көреді.
2) лағудың әр түрлі формалары (шындыққа жанаспайтын елестетулер, әлдекімнің зиян істегісі келеді, оның басқан ізін аңдиды немесе басына жаман ойлар салады).
Шизофрениясы бар науқастың негізгі тұлғалық өзгерістері екі топқа бөлінеді: интеллектуалдық және эмоционалдық. Біріншісінде ойлаудың түрлі бұзылыстары, жаңа сөздер құрастыру, логикалық байланысы жоқ бір тақырыптан екінші тақырыпқа секіру болады.
Екіншісінде науқас моральдық-этикалық қасиеттерін жоғалтады.  

Гульчехра Гульалиқызы БИНАЛИЕВА,
мейірбике,
№2 ерлер бөлімшесі,
облыстық психоневрологиялық аурухана

Сурет www.lie-emotions.com.ua сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (31.03.2015)
Просмотров: 899 | Теги: галлюцинациялар, шизофрения, гульчехра, биналиева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]