Психикалық ауытқулардың ішінде кең тарағаны фобиялар болып табылады. Олар мағынасыздығына қарамастан қарқындылығымен және жеңу мүмкінсіздігімен ерекшеленеді.
Жәй қорқыныш пен жабысқақ қорқыныш арасында елеулі айрмашылық бар: фобияда адам шарт бойынша өзінің қорқынышына еш негіз жоқ екенін, тіпті үрейінің мәні жоқтығын түсінеді, бірақ қорқуын тоқтатпайды. Адамдар өрмекшіден және жыландардан, биіктіктен және қоғамдық көліктен, ашық немесе жабық кеңісітіктен және с.с. қорқады. Тіпті “фобофобия” – қандай да бір фобияны иеленуден қорқу сияқты үрей түрі бар.
Фобиядан жапа шегетін адам аласұруға бейім тұрады.
Жас шамасына қарай балалық, жасөспірімдік және ата-аналық фобиялар кездеседі.
Балалық фобия “мен – ортаның бөлігімін” сезіміне негізделген: қараңғыдан қорқу, социофобия және т.б.
Жасөспірімдік фобия “мен - ортамын” сезіміне сүйенеді. Оған танатофобия, нозофобия, интимофобия жатады.
Ата-аналық фобия жауапкершілік қорқынышына негізделген. Мысалы, бала бірдеңеге ұрынады деген жабысқақ қорқыныш.
Гульчехра Гульалиқызы БИНАЛИЕВА,
мейірбике,
№2 ерлер бөлімшесі,
облыстық психоневрологиялық аурухана
Сурет www.spravka-apteka.com.ua сайтынан алынды
|