Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Геморрагиялық қызба туралы

Геморрагиялық қызбалар – бұл қызбалық реакциялармен және сан алуан геморрагиялармен бірге өтетін жедел инфекциялық кеселдер тобы. Бұл қызбалар клиникалық ағымы, қоздырғыштың ерекшелігі және таралуының географиялық аймағы бойынша жеке нозологиялық формаларға жіктеледі.
Геморрагиялық қызбалар – онда кеселдің негізгі резервуары мен көзі түрлі жануарлар, ал тасымалдаушысы көп бөлігінде буынаяқтылар (кенелер, масалар) болып келетін табиғи ошақтық инфекциялар. Қалған жағдайда жұқпаның берілуі басқа жолдармен жүзеге асады – ауалық-шаңдық, алиментарлы, су арқылы, зооноздық контактта, парентералды.
Атап айтқанда мынадай геморрагиялық қызбалар бар: а) бүйрек синдромымен бірге геморрагиялық қызба, ол кейде геморрагиялық нефрозо-нефрит деп аталады; б) Қырым геморрагиялық қызбасы; в) омбы геморрагиялық қызбасы.
Геморрагиялық қызба диагнозын серологиялық тәсілмен анықтайды. Бүйрек синдромы бар қызбаның ерекшеліктік зертханалық нақтылануы әлі ойлап табылмаған. Диагнозды нақтылауда зәр тұнбасынан “фибриндік” цилиндрлерді анықтау зор мән иеленеді. 

Жанар Айтмахановна РЫСМУХАМЕДОВА,
мейірбике,
жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет nenik.net  сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (01.04.2015)
Просмотров: 1684 | Теги: түрлері, рысмухамедова, Жанар, геморрагиялық қызба | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]