Депрессия латыншадан аударғанда “басылып қалу, жаншылу” ұғымын береді. Ол екі деңгейдегі бұзылыстармен білінеді:
1) психикалық (пәс көңіл-күй және психикалық үдерістердің - процесстердің баяулауы);
2) физикалық (жалпы тонустың төмендеуі, қозғалыстың баяулауы, ас қорытудың және ұйқының бұзылуы).
Депрессияның басты белгілері: мұң, қайғы сезімі, қозғалыс реакцияларының тежелуі, ұйқысыздық, компульсивтік мінез-құлық (қомағайлық, тәбеттің болмауы, булимия – ашқарақтық және с.с.), адамның өзінде тұйықталуы, өзіне бақылауды жоғалту, жұмысқа және басқа шаруаға қызығушылықтың болмауы, физикалық ауырулар – арқадағы, мойындағы, бас аурулары, жалғыздық, өзіне қол жұмсау (суицид) туралы ойлар және т.б.
Торығудың жеңіл және болбыр түрі ажыратылады. Ауыр түрлерінде астениялық, өзін кінәлаумен бірге лағу, алаңдаушылық, дисфориялық және қозғалыс бұзылыстары басым депрессиялар кездеседі.
Гульчехра Гульалиқызы БИНАЛИЕВА,
мейірбике,
№2 ерлер бөлімшесі,
облыстық психоневрологиялық аурухана
Сурет www.bediva.ru сайтынан алынды
|