Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


ҚАРА ШЕШЕК

Қара шешек – ауыр уыттанумен (интоксикациямен) және тері мен шырышты қабықтарда везикулалық-пустулездік бөртпелердің дамуымен өтетін жоғары контагиозды жедел вирустық кесел. 
Қара шешек аса қауіпті жұқпаларға жатады. Вирустардың резервуары мен көзі – ауру адам. Ол инкубациялық кезеңнің соңғы күндері мен толық сауығып және қабыршақтары түскенше зарарлы. Қара шешектің жұғуы ауалық-тамшылық, ауалық-шаңдық, контактты-тұрмыстық, инокуяциялық және трансплацентарлық жолмен жүреді.
Дерттің мынадай түрлері болады: ауыр геморрагиялық шешек, орта дәрежелі – шашыраған шешек, жеңіл – вариолид, яғни бөртпесіз, температурасыз шешек.
Сырқатта дене қызуы жоғарылайды, миалгиялар, бас аурулары, жиі құсу болады. Ең бастысы шешектік бөртпенің пайда болуы. Бөртпе элементтері тез папулаға айналатын алқызыл дақ, 2-3 күннен соң шешектік көпіршіктерге ұласады. 
Алдын алу. Науқастарды оқшаулау, контактта болған адамдарды вакцинациялаумен бірге 14 күн бойына обсервация жүргізу қажет. Карантиндік шаралар толық көлемде жүзеге асырылады.  

Айгуль Айтбаевна ДОСОВА,
мейірбике,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет dermalatlas.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (01.04.2015)
Просмотров: 1894 | Теги: түрлері, қара шешек, досова, Айгуль, алдын алу | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]