Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Сібір ойық жарасы

Сібір ойық жарасы – жедел бактериалдық зооноздық инфекция. Ол интоксикациямен, теріде, лимфа бездерінде және ішкі ағзаларда серозды-геморрагиялық қабынудың дамуымен және терілік түрде (ерекшеліктік карбункул) немесе септикалық формамен өтуімен сипатталады.
Сібір ойық жарасының дерт жұғу көзі: ауру үй жануарлары: ірі мүйізді қара мал, жылқылар, есектер, қойлар, бұғылар, түйелер, шошқалар. Көбіне контакттық жолмен, сирегірек алиментарлық, ауа-тамшылық және трансмиссивтік жолмен беріледі. Кесел сондай-ақ ауру жануарлардың бөліністері және терілерімен, ішкі ағзаларымен, сібір ойық жара спораларымен зарарланған ет пен тағамдық азық-түліктермен, топырақпен, сумен, ауамен жұғысқанда берілуі мүмкін.
Қоздырғыштың кіру қақпасы – зақымдалған тері. Қоздырғыш енген тұста ерекшеліктік карбункул пайда болады. Дене қызуы қалыпты немесе субфебрилді. Дерттің орта ауырлықтағы және ауыр түрінде дімкәстану, дел-салдық, бас ауруы байқалады. Дене қызуының 39-40оС-ге дейін жетуі мүмкін. Терілік форманың ауыр ағымы сібір ойық жаралық сепсиспен асқынғанда жағымсыз нәтиже, яғни өлім туындауы ықтимал. 

Айгуль Айтбаевна ДОСОВА,
мейірбике,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет nebolet.com сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (01.04.2015)
Просмотров: 1185 | Теги: досова, Айгуль, белгілері, сібір ойық жарасы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]