|
Дүйсенбі, 23.12.2024, 11:47 Сізге сәлем! Гость
Бас бет | Тіркелу | Кіру | RSS |
Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты |
Дәрігер мен мейірбике мақалалары
Главная » Статьи » орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары
В категории материалов: 512 Показано материалов: 381-390
Пациентті алғашқы бағалауда мейірбике өз бетінше объективтік зерттеу жүргізеді. Бұл оның физикалық және психикалық жағдайын бағалауға, пациент проблемаларын анықтауға, оның ішінде гипертониялық дерт те бар, жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларына күдіктенуге, мейірбикелік күтім жоспарын құрастыруға ерік береді.
|
Гипертонияның профилактикасы бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді.
Бірінші реттік алдын алу шаралары: психоэмоционалдық жүктемелерді жою, ұтымды тағамдану, тұзды пайдалануды азайту, салауатты өмір салтын ұстану, қозғалыс белсенділігіне көшу.
|
Альцгеймер кеселіне шалдыққан науқаста кейде қаңғыбастыққа шалдығу білінеді. Бұл туыстары мен күтім жасайтын қызметкерлерді мазалайды және қатты алаңдатады. Науқас үйден кетіп, айдалада қаңғырып, белгісіз бағытқа бет алып, адасып, тіпті басқа қаладан бір шығуы мүмкін. Егер науқас үйден жалғыз өзі кететін болса, оның қауіпсіздігі туралы қамқорлау керек.
|
Фобиялар - нақты мазмұнға сәйкес емес қорқыныш сезiмдерi. Олар невроздарда, психоздарда және мидың органикалық зақымдануларында кездеседi.
Невроздық фобияларда науқас адамдар әдетте өз қорқыныштарының негiзi жоқ екенiн түсiнедi, бiрақ оларға өзiн қинайтын, азапқа салатын, бақылай алмайтын кiнараттар ретiнде қарайды.
|
Сырқат егер кенеттен қозу жағдайына түссе, оған күтім жасайтын медицина қызметкері толық байсалдылық сақтап, ұстамды болуы тиіс. Науқастың ойын басқа жаққа бұру үшін жұмсақ үнмен және мәпелі сөзбен сөйлеген жөн. Кейде оны мазаламаудың өзі жеткілікті. |
Мұндай кездегі медицина қызметкерінің басты міндеті науқасты өзіне өзі қол салудан (суицидтен) аман алып қалу болып табылады. Сырқаттың күндіз-түні қадағалауда болуы тиіс. Оған көрпешемен басын жауып жатуына тиым салынады. |
Алкогольдi iшiмдiктi шектен тыс тұтынатын науқастардың отбасы мүшелерiнiң де жапа шегетiнi белгiлi. Мұндай науқастар көбiне отбасынан ажырайды. Өтiрiк айту, қаталдық, отбасындағы күнделiктi ұрыс-керiс балаларының да жүйкесiне тиедi.
|
Медицинаға және қоғамға есірткі тұтынудың зардаптары бұрыннан мәлім. Психобелсенді заттарды (ПБЗ) баяу әсер ететін у деп есептеу келісілген, ол қадам сайын адамның тәні мен жанын өлтіреді.
|
Нашақорлық қалыпты өмірмен, сондай-ақ денсаулықпен үйлеспейтін ұғым. Нашақорлар түгелдей организмнің сол немесе басқа кеселдерінен, кейде барынша елеулі және жазылмайтын дерттерінен жапа шегеді.
|
Нашақорлық қоғамдағы кең талқыланатын және кінәланатын тақырыпқа айналды. Ал, кейбір елдер үшін бұл өз даму жолындағы нағыз проблема. Мұндай өмір салты нақты алынған адам үшін ғана емес, оның айналасындағы адамдарға да қауіп төндіреді.
|
|
|