Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Нашақорлықтың психопатиялық зардаптары

Медицинаға және қоғамға есірткі тұтынудың зардаптары бұрыннан мәлім. Психобелсенді заттарды (ПБЗ) баяу әсер ететін у деп есептеу келісілген, ол қадам сайын адамның тәні мен жанын өлтіреді.
Есірткіге “отырған” адамдардың тұлғасының психологиялық өзгерістері ортақ біліністер иеленеді және мынадай түрде байқалады:
- психиканың әлсіреуі;
- эмоциясыздық;
- өмірге қызығушылықтың және құштарлықтың жоқтығы;
- тұлғалық потенциалдың төмендеуі.
Тәуелділіктің алғашқы сатысында адамдағы мінез-құлық күрт өзгереді, адекватты емес құлық оқиғалары жиілейді. Тәуелділік дамыған кезде науқастар тұтынатын заттарына қарамастан бір-біріне ұқсас келеді. Күнделікті өмірінде есірткіге тәуелділер арасында депрессивтік жай-күй және пессимистік көңіл-күй басым болады. Өтірік айту, деградация, ауыру, бос қуыс – бұл сөздер нашақордың мінез-құлқы мен сезімін тура жеткізеді.

Орынкул СУГИРАЛИЕВА,
аймақтық мейірбике,
диспансер бөлімі,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК

Сурет www.czm-crimea.com.ua сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (11.03.2015)
Просмотров: 1078 | Теги: орынкул, сугиралиева, нашақорлық, ПБЗ, психопатиялық зардаптар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]