Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


ФОБИЯЛАР ТУРАЛЫ. МЕЙІРБИКЕ КЕҢЕСІ

Фобиялар - нақты  мазмұнға сәйкес емес қорқыныш сезiмдерi. Олар  невроздарда, психоздарда және мидың органикалық зақымдануларында  кездеседi.
Невроздық фобияларда науқас адамдар әдетте өз қорқыныштарының негiзi жоқ екенiн түсiнедi, бiрақ оларға өзiн қинайтын,  азапқа салатын, бақылай алмайтын кiнараттар ретiнде қарайды.
Фобиялар негiзiнен: нозофобиялар (аурудан қорқу - канцерфобия, кардиофобия және с.с), социофобиялар (көпшiлiкте сөйлеуден қорқу, қызарудан қорқу және т.б), (клаустрофобия - жабық мекен-жайда болудан  қорқу,  агарофобия – ашық мекен-жайда болудан қорқу және т.б түрiнде  кездеседi.
Егер емделушi өз қорқыныштарының негiзсiз екенiн, ақылға  симайтынын сыни тұрғыда нақты ұғынбаған болса, онда бұл фобия емес,  патологиялық күмәндану (қауiптену, сандырақ болып шығады). Фобиядағы жүрiс-тұрыста белгiлi бiр көрiнiстер болады. Мұның мақсаты фобиялық затқа жоламау немесе ырым жасап өз қорқынышын басу. Невроздық фобиялар бейнелi ойлауға бейiм, жан дүниесi енжар,  вегатациялық  орнықсыз адамдарда жиi кездеседi.
Мейiрбике фобиясы бар науқастарға күтiм жасағанда оларды  тыныштандырып, қорқынышын басуға жәрдемдесуi тиiс. Фобияларды  емдеуде дәрi-дәрмектермен қатар психотерапияның да ықпалы зор.

Дурбибі Дауреновна ШАКИРОВА,
мейірбике,
облыстық психикалық жүйке аурулар ауруханасы

Сурет www.poetomu.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (12.03.2015)
Просмотров: 2485 | Теги: мейірбике кеңесі, фобия түрлері, Шакирова, дурбибі | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]