Нашақорлық қоғамдағы кең талқыланатын және кінәланатын тақырыпқа айналды. Ал, кейбір елдер үшін бұл өз даму жолындағы нағыз проблема. Мұндай өмір салты нақты алынған адам үшін ғана емес, оның айналасындағы адамдарға да қауіп төндіреді.
Есірткі тұтынуға тәуелділіктің өте тез дамитыны, ол оның болуы психоэмоционалдық жай-күйді қосқандағы бүкіл организм жұмысына әсер ететіні ғылыми дәлелденген. Есірткіні таңдаған адам шығар жол жоқ тығырыққа тап болады, көбісі бұдан шықпайды да. Олар қорқынышқа, күйзелістерге, міндеттемелерге жол жоқ жаңа, белгісіз әлемге жолығады. Басқа жағынан ол физикалық және моральдық ауыруға толы. Нашақордың болмысы тұрақты морт сынулармен, жүйкелік ауытқулармен, апатиялармен, тістерінің шіруімен, шаштарының түсуімен, асқазан қорытпауымен, ұйқысыздықпен және белсіздікпен (импотенциямен) бірге өтеді. Есірткілік уды тұтыну барлық организмнің іріп-шіру үдерісін шақырады.
Алтынай МАМАНОВА,
аймақтық мейірбике,
диспансер бөлімі,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК
Сурет www.reabilitaciy-narcomanov.ru сайтынан алынды
|