Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Қозу жағдайындағы сырқаттардың мейірбикелік күтімі

Сырқат егер кенеттен қозу жағдайына түссе, оған күтім жасайтын медицина қызметкері толық байсалдылық сақтап, ұстамды болуы тиіс. Науқастың ойын басқа жаққа бұру үшін жұмсақ үнмен және мәпелі сөзбен сөйлеген жөн. Кейде оны мазаламаудың өзі жеткілікті. Сырқат бұл кезде өздігінен сабасына түсіп, тынышталады. Мұндай кездегі есте ұстарлық нәрсе оның өзіне және басқаларға зиянының тимеуін қадағалау.
Егер науқас қозу жағдайында болып айналасындағыларға шабуыл жасаса, терезеге және есікке ұмтылса, оны дәрігердің нұсқауымен төсек маңында ұстайды. Сондай-ақ оған күтім жасау кезінде де мәжбүрлі ұстап тұруға тура кееледі.
Егер қозудың беті қайтарылмай ол өзіне және айналасындағыларға қауіпті бола бастаса, оны төсекке қысқа мерзімді фиксациялайды. Бұл мақсатта шүберектен жасалған жұмсақ ұзын таспаны қолдануға болады.
Дәрігердің нұсқауы бойынша фиксация жасау кезінде оның басталу және аяқталу мерзімі көрсетіліп, төсекте таңып, қозу аяқталғанша ұстап тұрады.   

Гульнар Бауыржановна ЖУНУСОВА,
мейірбике,
№4 әйелдер бөлімшесі,
облыстық психоневрологиялық аурухана

Сурет www.eurolab.ua сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (12.03.2015)
Просмотров: 936 | Теги: мейірбикелік күтім, Жунусова, қозу жағдайы, гульнар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]