Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Гипертониядағы мейірбикелік үдерістің ерекшеліктері

Пациентті алғашқы бағалауда мейірбике өз бетінше объективтік зерттеу жүргізеді. Бұл оның физикалық және психикалық жағдайын бағалауға, пациент проблемаларын анықтауға, оның ішінде гипертониялық дерт те бар, жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларына күдіктенуге, мейірбикелік күтім жоспарын құрастыруға ерік береді.
Алынған деректер пациенттің проблемаларын айқындауға – мейірбикелік диагноз қоюға жәрдемдеседі. Олардың мынадай болуы мүмкін:
- жоғары қан қысымының (ҚҚ) болуынан хабарсыздығы;
- ҚҚ көтерілуіне ықпал ететін факторларды білмеуі;
- ҚҚ жоғарылауына жетелейтін асқынуларды білмеуі;
- бас ауыруы;
- ызалану, алаңдау жай-күйі;
- көруінің төмендеуі, жанарының нашарлауы;
- тұрмыс, еңбек ету және тамақтану режімін сақтаудың қажеттігі;
- дәрілік препараттарды ұдайы қабылдау керектігі;
Бұл зерттеулердің субъективтік және объективтік сипат иленуі мүмкін.

Амиркул Ерсайыновна САХАБАЕВА,
мейірбике,
күндізгі стационар,
“№5 қалалық емхана” ШЖҚ МКК

Сурет 22gp.by сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (14.03.2015)
Просмотров: 736 | Теги: мейірбикелік үдеріс, гипертония, сахабаева, ҚҚ, амиркул | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]