Нашақорлық қалыпты өмірмен, сондай-ақ денсаулықпен үйлеспейтін ұғым. Нашақорлар түгелдей организмнің сол немесе басқа кеселдерінен, кейде барынша елеулі және жазылмайтын дерттерінен жапа шегеді.
Есірткі тұтынатындар арасында қанның жұқпалары, В және С гепатиттері, АИТВ мен ЖИТС жиі ұшырасады. Есірткі түрінде организмге түсетін у тіршіліктің барлық жүйесі мен ағзаларына теріс әсер етеді. Тыныс алу, эндокриндік, жүректік-қан тамырлық, нерв және шығару жүйелерінде түрлі бұзылыстар байқалады. Ең алдымен улаушы заттарды жұтуға және сүзгілеуге тура келетін бауыр зардап тартады.
Денсаулық сақтау ұйымдарының деректеріне сәйкес нашақорлар жететін жас шамасы орташа 36 жасты құрайды. Бұл қайғылы статистиканың себебі нашақорлардың өлімінің мөлшерден аса есірткі тұтынудан, өзіне-өзі қол жұмсаудан (суицидтен), соматикалық кеселдерден, зорлыққа ұшыраудан және т.б. болатыны.
Орынкул СУГИРАЛИЕВА,
аймақтық мейірбике,
диспансер бөлімі,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК
Сурет revansh-lvc.ru сайтынан алынды
|