Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты




.

 

Ахан АЙХАНОВ, С. Асфендияров атындағы ұлттық медицина университетінің ректоры, м.ғ.д, профессор:  
– Трансплантациялау операциясы шетелдерде ұзақ уақыттан бері жасалуда. Қуантатыны сол, соңғы уақытта осындай күрделі операцияны қазақстандық дәрігерлер де мықтап игере бастады. Алғашқы нәтижелер де жақсы. Алайда мұндай операцияны жасау үшін міндетті түрде донор қажет. Сонда кім донор болуы мүмкін? Міне, басты мәселе де осында! Ең алдымен, бұған қоғам дайын болуы керек. Мұның бар ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 1031 | Қосты: психолог | Мерзімі: 01.02.2015

17-18 қараша күндері Алматы қаласында «Денсаулық-баршаға» атты ІІІ  халықаралық конгрес шеңберінде ұйымдастырылған «теңдік, ынтымақтастық, әлеуметтік әділеттік - БМСК (бастапқы медициналық – санитарлық көмек) қызметіне қойылатын заманауи талаптар атты І Республикалық  БМСК дәрігерлерінің құрылтайы өтті. Съезд жұмысына аудандық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Кәрібаев, теміржол ауруханасының бас дәрігері Құбыл Ршымбетов және  «Өркендеу» дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Темірбай  Әбубәкір қатысқан болатын.
Біз аудандық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Қуантайұлынан құрылтай жұмысы және одан алған әсері туралы ой бөлісуді сұраған едік. Төменде осы сұхбатты оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.    &n ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 1049 | Қосты: психолог | Мерзімі: 06.01.2015


Әдеттегiдей, денсаулық сақтау саласы бойынша қалалық ауруханада атқарылып жатқан жұмыстарды басылымға жариялау мақсатында аурухана басшысы А.Тоғызбаев мырзамен хабарласқан болатынмын. Аурухана бас дәрiгерi сұрақтарды факске салуды өтiнгеннен кейiн, сауалдар тiзiмiн келер күнi, яѕни 19 қыркүйекте 27-64-90 нөмiрiне қайта хабарласып жолдамақ болып едiм, алайда ешкiм жауап қатпады. Аурухананың қабылдау бөлмесiндегi хатшы қызға хабарласқанымда «Бастық iште жоқ, кейiн хабарласыңыз» деген жауап алдық. Технологияның дамыған заманында жылдам хабар алғызатын электрондық пошта арқылы сұрақтар толы хатымызды сол күнi түскi үзiлiске дейiн жолдадым. Сол мезетте бас дәрiгердi ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 939 | Қосты: психолог | Мерзімі: 05.10.2014

Бұрын «құрт ауруы» деп аталған туберкулез дерті бүгінгі қоғамның өзекті мәселесінің бірі. Бұл сырқаттың тез таралатын жұқпалы ауру екенін бәріміз білеміз, алайда туберкулез әлем бойынша кең тараған ауру екенін біріміз білсек, біріміз бейхабармыз. Туберкулез инфекциялық ауру, ол адам ағзасына туберкулез микробактериясын жұқтырғаннан дамиды. Бұл сырқат түрі адамның сүйек, буын, ми қабықшасын, бүйрек, тері, көз және өзге де ағзаларын зақымдайды. Мамандардың айтуынша, ауруға шалдығатындардың дені еңбекке жарамды жастағы, яғни 20-40 жас аралығындағы адамдар екен. Қазіргі таңда аймақта бұл дерттің алдын-алу, емдеу шаралары бойынша қарқынды жұмыс жасалуда. Тынымсыз еңбектің ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 2237 | Қосты: психолог | Мерзімі: 18.08.2014

Екі аяқты пенденің Жаратушыдан кейінгі жақыны да, сүйенері де – дәрігер. Басы ауырса, балтыры сыздаса, бүйрегі бүлк, жүрегі зырқ етсе ақ желеңді абзал жандардың көмегіне жүгінеді. Ежелден келе жатқан тәмсіл бар: «дәрігер – адам жанының арашашысы» деген. Рас сөз.

Бүгінде мемлекет медицина саласына молынан көңіл бөліп отыр. Ауруханалар мен емханаларды жаңа да заманауи, сапалы техникамен қамтамасыз етіп жатыр. Адам денсаулығы үшін, дәрігерлердің дер шағында көмек беру мақсатында жағдай жасалған. Сөзіміздің дәлелі ретінде айтайық, Қызылорданың Қазалы теміржол ауруханасында адамның ішкі құрылысынан бастап басына дейін тексеретін томографтар бар екен. Алыстағы ауданда орналасқан ауруханаға осындай жағдай жасалуының өзінен бар сырды аңғаруға ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 1225 | Қосты: психолог | Мерзімі: 13.08.2014

Құрқылтайдың ұясындай клиникаға кіріп барғанда кезек күткен адамның көп екенін бірден байқайсыз. Ауруы жанына батқан, дертіне шипа іздеген кісілердің көзінен үміттің ұшқыны байқалады. Талай жерді адақтап, табанынан тозып, ем таппай қиналған жандардың шаршаған бейнесі ет жүрегіңді елжіретпей тұрмайды. Өйткені, мысқылдап кірген аурудың табандап шықпай қоятыны әлімсақтан аян. Ал мына жерге жанын жегідей жеген дертті қолмен сылып алғандай сауықтыра ма деген үмітпен келеді. Сол үмітті ақтайтын ақ сақалды, иманжүзді, өзі арбаға таңылған кісі. Бұл – Қабыл Досжанов деген дәрігер.

Әлқисса. Қабыл Қайырбекұлы анадан туғанда ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 1358 | Қосты: психолог | Мерзімі: 31.07.2014

Бар дүниеге, байлыққа, мансапқа да айырбастай алмайтын бір ғана нәрсе болса, ол - отбасы бақыты. Дүниеге келген әрбір сәбидің азамат болып қалыптасуы, тәлімді тәрбие алуы отбасы, ата-анасына байланысты екенін дәлелдеп жатудың қажеті шамалы. Содан да болар, қай қоғамда болмасын, отбасы құндылығын насихаттау назардан тыс қалмағаны осының айғағы. Біздің сұхбатымыздың да негізгі мақсаты сол, елге белгілі есімдердің отбасы да үлгі етерліктей екендігін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан отбасындағы сыйластық пен береке-бірлікті, еңбекті насихаттау. Бұл жолғы сұхбатымызға өзек болған сырбойылықтарға есімі таныс, дәрігерлер отбасы - Бейісовтер әулеті. Отбасының тірегі - Мұхтар Бейісов бұрын №2 ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 1531 | Қосты: психолог | Мерзімі: 06.07.2014

Әріптесім Құбыл Ршымбетұлымен таныстығым өткен ғасырдың90-шы жылдары басталған еді. Оны Алматы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтындағы «рефлекстік терапия» бойынша мамандану циклінде жолықтырдым. Курсанттар кезекпен өздерін таныстырып жатқанда, ол менің Қызылордадан екенімді біліп, жаныма келіп: «Інім, сен де Сыр өңірінен екенсің. Мен Қазалыданмын. Темір жол аурухана бас дәрігерініңорынбасары болып жұмыс істеймін. Алда 3 ай оқу бар. Жатақханада бірге тұрайық» деп өзі ұсыныс білдірді. Оның бітім-болмысы, адамдармен тез тіл табыса білу қабілеті мені тәнті етті. Сол кезден бастап онымен ағалық-інілік қатынасымыз жалғасып келеді.
Жыл өткен сайын оның іскерлік қабілетінің жан-жақтылығы жарқырай түскендей. Ол менімен кездескеннен кейін төрт жылдан соң Қазалы темір жол ауруханасының бас дә ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 965 | Қосты: психолог | Мерзімі: 16.06.2014

15 маусым – медицина қызметкерлерінің күні

Қай аурухананың болмасын, реанимациялық-анестезиологиялық бөлімшесі ең күрделі құрамдас бөлігі, алғы шебі болып табылады. Мұндағы өмірдің өліммен арпалысында Жаратқан иемізден кейінгі себепкер, әрине реаниматолог дәрігер.
«Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамының филиалы – Қазалы темір жол ауруханасының үш төсектік бұл бөлімшесін Жасұлан Серікұлы Қуанышбаев басқарады. Одан басқа бөлімшеде 2 дәрігер, 4 орта және 1 кіші буын медицина қызметкері жұмыс істейді.
Жасұлан осы ауданның перзенті, Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Қ.Сәтбаев атындағы № 216 орта мектепті бітірг ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 958 | Қосты: психолог | Мерзімі: 13.06.2014

15 маусым – медицина қызметкерлерінің күні

Қазалы ауданындағы «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамының филиалы – Қазалы темір жол ауруханасы қазіргі заманғы медициналық құралдармен жабдықталуы және озық технологиялар енгізуі бойынша облыстағы іргелі емдеу-алдын алу мекемелерінің бірі. Шалғай аудан тұрғындарына облыс орталығына бармай-ақ кейбір кеселдеріне сапалы ем алуға толық мүмкіндік жасалған.
Ауруханада ел алғысына бөленіп жүрген ақ желең иелері баршылық. Солардың бірі – Садуақас Абибуллаұлы Ахмет. Ол жоғары санатты хирург, 15 төсек орындық хирургиялық бөлімше меңгерушісі.
Бір кездері Қарақалпақста ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 1148 | Қосты: психолог | Мерзімі: 13.06.2014

« 1 2 ... 96 97 98 99 100 »