Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер кеңесі

Страницы: 1 2 3 4 »
Показано 1-15 из 49 сообщений
0  
49. Бериккул Момынбаева [mberikkul_86]   (25.02.2019 13:45)
Саламатсыз ба? Мен 4 баланың анасымын.Екінші баламды 2007 жылы босандым. Сегіз айлығында миына су жиналып, қан ұйуына байланысты басына ота жасалып, үш айдан соң гепатит "С" деген диагныз қойылды. Содан бері 10 жыл өтті. Невропатолог пен Инфекционистте учетта тұрамыз. Инволидностке шығармады.  Жақында ақылы Көз дәрігеріне көрсеттім. Сол жақ көзі өте нашар көреді деп очки мен дәрі жазып берді. былтыр бауырын фибросканға түсірген кезде Ф1 деп берген. ПЦР тапсырғанда қанда вирус 10 есе көп. 10 жыл ішінде инфекционисттен 2 рет вирусқа қарсы тегін дәрі алдық. Басы жиы ауырады, басына ,бауырына тегін дәрі алып көрмеппіз (жоғарыда айтылғаннан басқа). Осы аталған сырқаттарымен дәрі-дәрмегіне пайдалануға Инволидноске шығаруыма болады ма?
Ответ: Қадірлі Беріккүл! Сіз невропатолог пен инфекционистке мүгедектік бойынша сұраңыз. Егер оңды жауап болмаса - жергілікті жердегі денсаулық сақтау басқармасына арызданыңыз.

0  
48. Гулжанат   (22.05.2018 14:16)
Баламның ауызы жиі уылып кетеді соған не істеуге болады. Мұрны жиі канай береді?????
Ответ: Ауызы уылған балаға ара балына нистатин дәрісін ұнтап, сонымен бірге қосып емдеп көріңіз. Ал мұрыны қанаса: ЛОР дәрігерге қаратып, қанның жалпы талдауын және басқа да тексерулер жасатыңыз.

0  
47. Гүлдəурен   (04.05.2018 09:05)
Сәлеметсіздерме ме? Менің аяғым ауыр, 26-27 апта. 2012 жəне 2014 жылдары кесір тілігі арқылы босандым. Мүмкіндік болса осы жолы өзім босанғым келеді. Сіздерде алдын ала кеңес алуға бола ма? МүмкіндігіМ бар жоғын білгім келеді. Өзім Шиеліденмін. Жақсы кеңес бере алатын маман болса, барсам деймін. Алдын ала рахмет!!!
Ответ: Гүлдәурен! Облысық перинаталдық орталықтың мамандарынан "Интернет" арқылы кеңес алуыңызға болады. Немесе колл-центр арқылы. Олардың мәліметтері интернет арқылы. Сәттілік тілеймін.

0  
46. Куанышкул   (19.04.2018 14:19)
Сәлеметсіздерме! Мен генетик мамандардан кенес керек еди сіздерде генетик мамандар бар ма? болса акылы ма жұмыс уақытын айтып жібересіздер ме?
Ответ: Генетик маман облыстық кеңес беру-диагностиалық орталығында болуы тиіс. Мына телефонмен байланысып сұрап көріңіз.
+7 7242 23-51-59

0  
45. Жазира Женисбекова   (23.03.2018 20:57)
Салеметпе коятын сурагым тери мамандарына колымда шрам бар улкен оны калай емдейге болады? лазермен емдейтин кызылорда каласында кандай мамандар бар?контрактубез деген дари жактым комектеспеди т.б кандай дарилер бар?87471731694 ном комектесиниздерши.
Ответ: Косметологиялық кабинеттің мекен – жайы:
Қызылорда қаласы, Шүкіров көшесі, 7 а.
Байланыс тел: 8 – 7242 – 235517; ұялы: 8 -702 – 536 – 89 - 39.

0  
44. ZHULDYZ   (09.10.2017 14:48)
сәлеметсізбе менің дем алуым қиындап бара жатыр еркін тыныс ала алмаймын әр дайым сыртқа шыққан кезде ауа жұтып көп тұрып қаламын
Ответ: Мұндай жағдайда терапевт дәрігерге қаралыңыз. Ол керекті тексеруді жасап, одан соң емін тағайындайды. Қажет болса басқа мамандарға мысалы, пульмонологқа жолдайды. Хабарласып тұрыңыз.

0  
43. Акнур   (10.08.2017 13:59)
Саламатсызба? мен Жаңақорған ауданынан хат жолдап отырмын менің қызыма үстіне сүйел сияқты бөртпелер каптап кетті...оны немен кетірсем болады және тағы сұрарым менің аяғым ауыр 12 аптада риа тапсыргам дауна синдромы деген диагноз беріп отыр ол қауіпті ма? кеше жолдамамен сіздерге жіберді қалаға
Ответ: Қызыңыздағы жара түрін тері дәрігеріне көрсетіп барып ем жасаған жөн. Талдаудағы диагноз кейде сәйкес келмей жатады. Сондықтан Даун синдромының болашақ перзентте болмауы да мүмкін. Дегемен, дәрігерге қаралған дұрыс. Бәрі бір Алланың құзіретінде.

0  
42. Angelina   (10.08.2017 13:53)
Салмақ косу үшін қандай препараттар немесе уколдар бар? Аппетит ашу үшін? Гормон қабылдауға бола ма?
Ответ: Салмағыңызды дәрігер алдында өлшетіп, оның өзіңізге сәйкестігін біліп алыңыз. Жүдеуліктің не себебі бар екенін анықтаған жөн. Одан соң дәрілерге сүйенбей, жүйкені дұрыстау, дене шынықтыру мен сапалы тағам арқылы салмақты реттеуге болады.

0  
41. Жанар   (09.08.2017 11:45)
Салеметсіздерме! Менің ұлым 4 жаста диагнозы ДЦП спастическая диплегия. Сұрайын дегенім спастикасын азайтуға укіметтет берілетін тегін дарі бар ма? Және жылына 1 ақ рет реабилитация алады деген рас па? Жалпы ДЦП балаларға үкімет тарапынан қандай көмектер бар? Алдын ала рахмет!
Ответ: Жанар! Мұны білу үшін жергілікті денсаулық сақтау бөлімінің осы шаралармен айналысатын нақты маманы бар. Соған сұрақ қойсаңыз, нақты жауап ала аласыз. Өйткені бұл олардың тікелей жұмысы.

0  
40. Angelina   (20.07.2017 05:44)
Сәлеметсізбе! Асқазаныма шланка жутқызып тексергенде гастрит язва бар деп айтқан. Бірінші сұрағым: Картоптын және капустанын суын ішкенде (диета ұстағанда) ем болады ма? Тамак іше алмаймын. Кейде уақытында іше алмаймын, содан сон ішкім келмейді. Кекіремін кейде. Ішім құрылдайды. Екінші сұрағым: Қандай уколдар бар гастрит пен язваны емдеуге. Таблетка керек емес таблетка ішкен асқазанға зиян. Өтінем қандай уколдар салуға болады?
Ответ: Angelina! Ойық жара (язва)асқазанда және бүйенде болады. Оның түріне байланысты гастроэнтеролог дәрігер ем тағайындайды. Сырттай ем жүргізу қиын, дегенмен инемен емдеу, дәрілік шөппен емдеу (фитотерапия), медициналық сүлікпен емдеу (гирудотерапия) және психотерапия сияқты қосымша емдерді қабылдап көріңіз. Ең бастысы - дәрігер гастроэнтерологтың емі.

0  
39. Айгерім   (28.06.2017 22:31)
Сəлеметсіздер ме! Мен Қазалы ауданында тұрамын.Менің сіздерден сұрағым келеді. Менің туа біткен қалым бар еді.мен оны бүлдіріп алдым.артық қылам деп тыртық қылып алдым.6-7 жылдай болып қалды лазермен емдеуге болады ма? Қанша болады?Қызылорда да лазермен емдеу бар ма?
Ответ: Айгерім! Ол қалды аудандағы тер дерматолог дәрігерге көрсетіңіз. Ем түрін сол маман айтады. Егер қажет деп тапса, Қызылордаға да жолдауы тиіс.

0  
38. Алмат   (03.06.2017 12:07)
Армысыздар ақ халатты абзал жандар? Мен 4 ші рет рентген саулесіне тускелі жатырмын. Оның ағзаға зиянды əсері бар ма?
Түсуге мəжбүрлеп жатыр. Шағымды кімге айтуға болады, немесе сайтқа сілтемесін берсеңіздер.
Ответ: Рентген сәуле шашуы дене мен заттар арқылы өтіп, барлық ережелерін қатаң сақтағанда зиян келтірмейді. Рентеннің зиянын азайту үшін дәрігер бұрынғы зерттеулерді ескереді. Сөйтіп аз сәуле қолдануға тырысады. Аппараттың зияны туралы видео: https://www.youtube.com/watch?v=HOsvzN3RusE

0  
37. Шертекова Салтанат   (29.05.2017 14:55)
Саламатсыздар ма ? Мен Жаңақорған ауданынанмын атамның екі көзі бірдей көрмейді.Соған әлеуметтік көмекке документ туырлайын десем инвалидность бар ма,болмаса Қызылорданың врачынан қағаз керек дейді.1939 жылғы пенсионер темір жолда 40 жыл істеп зейнетке шыққан. Көзінің көрмей қалғанына 5-6 жыл болып қалды. Оған атам жолға жарамайды Қызылордаға дейін. Жүрегі ауырады,давлениесі бар. Өздеріңіз көріп, инвалидностқа шығарып бере беріңіздер десем болмайды дейді. Мен енді не істеймін? Қандай жолы бар? Осы жаққа комиссия қашан келеді? Сол кезде аудандық емханаға апаруға бола ма?
Ответ: Қадірлі Салтанат! Сайтқа сұрақ қойғаныңызға рахмет. Сауалыңыз бойынша мына жермен хабарласыңыз.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТІ
РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
https://kyzylorda.enbek.gov.kz/kk/user/register
Басшысы: Жолымбетов Төреахмет Сайлаубайұлы

Қабылдау бөлімі: 27-28-15

0  
36. Алдабергенова Алмагул   (10.04.2017 08:32)
cаламатсыз ба менің үнемі тамағыма шырышты қақырық келіп мазам кетіп ұйқым бұзылады не себептен жасамаған емім жоқ шығар не істеймін емін айтсаңыз

үнемі шырышты қақырық мазалайды неше түрлі ем жасағанмен еш нәтижиі жоқ емін айтсаңыз
Ответ: Алмагул! Кеселдің түрін және зерттеу нәтижесін білмей, емін айту қиын. Дегенмен, дәрісіз емдерді фитотерапияны (ромашка, календула, ара балы, қызыл мия тамыры және т.б.), инерефлексотерапияны және гирудотерапияны қолданып көріңіз. Бұларды маман дәрігер жасаса, еш зияны жоқ.

0  
35. мира Сапаровна   (04.04.2017 09:25)
Саламатсыздар ма, менин 5 сыныпта окитын кызыма мектептеги апайы хабарласып, даригерлер тексерип кызынызга пиелонефрит деген диагноз койып отыр кызынызды тез тексертиниз деди. Температура, интоксикация, энурез немесе зар шыгаруында кемистик байкалмаган кызга не ушин осындай диагноз койганын билмедим. УЗИ немесе баска тексеру жургизилмеген. тек общ осмотр жасап мундай диагноз коюга бола ма,
Ответ: Қадірлі Мира Сапаровна! Сіздің қай өңірден хабарласып отырғаныңызды білмейміз. Дегенмен, диагноз бойынша пікіріңізді құптаймыз. Дәрігерлердің бұл жерде медициналық этика қағидаттарын сақтауы қажет болатын. Жәй ғана "Қызыңызды тексертіп алыңыз. Біздің бүйрек ауруы бойынша күмәніміз бар" дегендей.


Имя *:
Email *:
WWW:
Код *: