Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



06:45
Өзi депутат, өзi дәрiгер А.Тоғызбаевқа бiз қалай “надоел” болдық?


Әдеттегiдей, денсаулық сақтау саласы бойынша қалалық ауруханада атқарылып жатқан жұмыстарды басылымға жариялау мақсатында аурухана басшысы А.Тоғызбаев мырзамен хабарласқан болатынмын. Аурухана бас дәрiгерi сұрақтарды факске салуды өтiнгеннен кейiн, сауалдар тiзiмiн келер күнi, яѕни 19 қыркүйекте 27-64-90 нөмiрiне қайта хабарласып жолдамақ болып едiм, алайда ешкiм жауап қатпады. Аурухананың қабылдау бөлмесiндегi хатшы қызға хабарласқанымда «Бастық iште жоқ, кейiн хабарласыңыз» деген жауап алдық. Технологияның дамыған заманында жылдам хабар алғызатын электрондық пошта арқылы сұрақтар толы хатымызды сол күнi түскi үзiлiске дейiн жолдадым. Сол мезетте бас дәрiгердiң ұялы телефонына хабарласып, сауалдарды электрондық пошта арқылы жiбергенiмдi хабардар еттiм. Алайда жолдаған сұрақтар дәрiгерге жетпегенiн бiлiп, апта басында, дәлiрек айтсақ, дүйсенбi күнi жоғарыда көрсетiлген телефонға қайта хабарластым.
Тiлшi: Саламатсыз ба, ағай?
Бас дәрiгер: Иә.
Тiлшi: Бұл «Ақмешiт ақшамы» газетiнен.
Бас дәрiгер: Айналайын, сен уже надоел болдың. Келген жоқ сенiң сұрақтарың.
Тiлшi: Онда факстен қабылдаңыз.
Бас дәрiгер А.Тоғызбаевтың одан әргi сөзi түсiнiксiз болса да, жауабы «иә» дегендей көрiндi.

Алайда сұрақтар кетпедi. Облыстық мәслихат депутаты, әрi бiлдей қалалық аурухананың бас дәрiгер А.Тоғызбаевтың бұл қылығы ерсi көрiнсе де, мән-жайды түсiну үшiн сол уақытта қалалық ауруханаға барып, дәрiгермен жолықпақ болдым. Бас дәрiгер кабинетiнiң алдында аурухана дәрiгерлерi тiзiлiп тұр екен. Хатшы қызға өзiмдi қайта таныстырып, сұрақтарды қағаз жүзiнде алып келiп тұрғанымды, аурухана басшысымен жолығу керек екенiмдi айтып едiм, хатшы қыз сұрақтарды электрондық поштадан жаңа ғана алғанын, бiздiң өткен аптада жолдаған хатымыз ендi ғана жеткенiн айтты. (Нелiктен хат ендi ғана жетедi? Демек өз пошталарын дер кезiнде ашып, өз мiндеттерiн толық орындамай тұр емес пе?!) Хатшы қыз басшы әзiрге бос емес екендiгiн, сұрақтарға берер жауабы дайын болған кезде «өзiм хабарласамын» деп жылы шығарып салды.
P.S. Халықтың жоғын жоқтайтын, ақ халатты абзал жанның бұқаралық ақпарат құралдары өкiлiне бұл жауабы тым дөрекi көрiндi. Жеке шаруа емес, ауруханада атқарылып жатқан жалпы жұмыстар жайында халықты ақпараттандыруға ақпарат сұраған жас журналистке дөрекiлiк танытқан халық қалаулысы науқастар мен мұңын айтып келген қарапайым халықты қалай тыңдайды екен?!
 
 
 

Д.МАХАНОВА
«Ақмешіт ақшамы» газеті
http://baq.kz/kk/regional_media/post/64043

 

Просмотров: 958 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]