Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



 
Орталық ұжымы
 
Облыстағы наркологиялық дерттерге шалдыққан сырқаттарды емдеу ісі өз бастауын сонау ХХ ғасырдағы (1907 жыл) облыстық психоневрологиялық ауруханадан (есі ауысқандардың земстволық ауруханасынан) алады. Сол кездері онда маскүнемдік асқынуымен және есірткіден уланумен науқастардың емделгені тарихтан белгілі. Сыр өңірі тұрғындарына 80-ші жылдарға дейін маманданған наркологиялық көмек облыстық психоневрологиялық аурухана құрамында арнайы бөлінген төсек-орында көрсетіліп келді. 1982 жылдың тамыз айында 60 төсек орындық облыстық наркологиялық диспансер ашылып, оның ... Одан әрі оқыңыз »
Қаралғаны: 2779 | Қосты: психолог | Мерзімі: 31.10.2013


Халқымыздың бағзыдан келе жатқан сөз саптауларында «сүліктей сұлу», «сүліктей жұтынған», «сүліктей қаракөк немесе сүлікқара», «сүліктей сорды», «сүліктей жылтыр» дейтін ауыспалы мағынадағы тіркестер кездеседі. Сүліктің жып-жылтыр, мөлдіреген, қара түсті көркем бейнелері көз алдымызға келе қалады және оның өте жабысқақ екенін, қадалған жерінен қан алмай қоймайтынын да нақты көрсетеді емес пе?! Олай болса ерте заманда-ақ көпшілік қауым сүліктің сыр-сипатын, ерекшеліктерін жақсы тани білгендігіне күмән ... Одан әрі оқыңыз »
Қаралғаны: 1832 | Қосты: психолог | Мерзімі: 15.10.2013

Қаралғаны: 1931 | Қосты: психолог | Мерзімі: 06.10.2013

Қаралғаны: 1415 | Қосты: психолог | Мерзімі: 21.09.2013


Адамның жан мен тәннен тұратыны белгілі. Олардың арасын байланыстырушы рух. Адам саналы ғұмыр кешкенен бастап өмірдегі түрлі мәселелер бойынша маман кеңесін алуға мұқтаж болады. Психология ілімі осындай кезде көмекке келеді. Әрине, кез келген адам өз проблемасын өзі шешуі тиіс. Психологтың міндеті ақыл айту емес, адамға өзін толғандырған проблемаға басқа көзбен қарауды ұғындыру. Жалпы психологтан кеңес алуға келген адамды психологияда клиент деп атау келісілген. Онымен болған сұхбат уақыты сессия деп аталады.  
Клиентпен алғаш рет кездесу кезінде бір-бірімен етене байланысқан бастапқы ... Одан әрі оқыңыз »
Қаралғаны: 3875 | Қосты: психолог | Мерзімі: 05.08.2013


Еліміздегі мейірбикелік іс ұдайы жетілдіруді талап ететін динамикалық үдеріс (процесс). Денсаулық сақтау саласында еңбек ететін мейірбикелік қызметкерді басқару, дамыту және тәрбиелеу қазіргі кезде аса өзекті. Денсаулық сақтау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын мейірбикелік іс жеткілікті кадрлық ресурс иеленеді. Сондай-ақ тұрғындардың қол жетімді және көңілге қонымды медициналық көмекке деген қажеттілігін өтеуге оның толық мүмкіндігі бар. Мейірбикелік істің – бір мезгілде өнер де, ғылым да болып табылатыны баршаға мәлім. Ол арнайы машықтарды, білімді және оларды практикалық қолданудағы ептіліктерді талап етеді. Оған қоса әр т ... Одан әрі оқыңыз »
Қаралғаны: 7359 | Қосты: психолог | Мерзімі: 30.06.2013


Қаламгер қауымның мерекесі қарсаңында Н.Бекежанов атындағы драма театрда "Қанатты қалам-2013” облыстық форумы өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, бұқара мен билік арасына алтын көпір салған тілшілерді төл мерекемен құттықтады. 
Бүгінгідей ақпараттық дәуірде жур­налистиканың Ахмет Бай­тұрсынов айтқан "халықтың көзі, құлағы һәм тілі” болу мұратына жаңалықты жедел әрі дәйекті етіп жеткізу талабы қосылды. Ақпарат нарығындағы бәсекелестікте газет, телеарна, интернет сайттарының әрқайсысының өз орны бар. "Айшы­лық жерден жылдам хабар алғызған” заманда бүгінгі күннің басты жаңа­лығы арада аз уақыт өтпей-ақ қоғам талқысына түседі де, ертеңіне тарих­қа айналып жатады. Сондықтан ағы­ны күшті ақп ... Одан әрі оқыңыз »
Қаралғаны: 1831 | Қосты: психолог | Мерзімі: 27.06.2013


Халқымыздың ежелден қалыптасып келе жақан әдет-ғұрып ,дағдысында көңіл аударарлық іс-әрекеттер көп кездеседі. Соның ішінде сезімді,көңіл-күйді ыммен,ишарамен, бет-пішін, түрлі қимылдар арқылы жеткізу бар. Сіздердің назарларыңызға соның біразын ұсынуды жөн көрдік.

Арқаға қағу - риза болу,мақұлдау, қолпаштауды бейнелейді.Яғни «рахмет», «бәрекелді!». «жарайсың!» деген сөздердің орнына қолданылатын алғыс белгісі.

Алақанға түкіру­­ - ынталылық, құлшыну. Бір іске ынталана кіріскенде алақанға түкіріп алатын әдет бар. Мысалы,біреу «іске құлшынып отыр» дегісі келсе, «алақанына түкіріп отыр екен» дейді. Алақанын уқалау да осыны көрсетеді.

Алақан жаю - амалсыздық, «енді қайтейіннің белгісі.Мұның екінші бір мән мағынасы – сұрау, сұрамсақтықты көрсетеді. Алақан жаю­ ­– жаман ырым, оны жиі қолдануға ... Одан әрі оқыңыз »
Қаралғаны: 7511 | Қосты: психолог | Мерзімі: 09.04.2013

 
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қарапайым қағиданы елеп, ескере бермейтініміз рас. Денсаулыққа жүрдім-бардым қараудың соңы өзекті өртер өкінішке соқтыратынын көріп те жүрміз. Алайда жайбасарлау қалпымыздан арыла қоймағанымызды мойындауға тура келеді. Басың ауырып, балтырың сыздаса жаратушы Алладан кейін ақ желеңділерден жанымызға араша, дертімізге дауа күтетінімізді ешкім жоққа шығармайды. Өмір мен өлім белдескенде дәрігердің кәсіби сауаттылығы тағдыр таразысын өзіне аударатыны күмәнсіз. Оған талапқа сай ғимарат, озық үлгідегі құрал-жабдықтардың да қосар үлесі сүбелі. «Нағыз дәрігер үшін сырқаттың шынайы ризашылығынан асқан бақыт болмайды». Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері Құбыл Ршымбетовпен тілдескеннен кейін осындай ой түйдік.
 
Қаралғаны: 1582 | Қосты: психолог | Мерзімі: 28.02.2013

« 1 2 ... 98 99 100