Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



Мен көпбалалы анамын. Пенде болған соң денсаулығымыз сыр бермей тұрмайды. Кейде өзім, кейде балаларым мен жолдасым ауырып қалады. Сондай кездерде отбасылық жағдайымызды ескеріп, дәрігерлік, материалдық, моралдық көмек көрсетіп отыратын Арал аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Марат Ршымбетовке отбасымның атынан шынайы ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын. Және де кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Еңбегінде - жеміс, отбасында - амандық болсын!

 

... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 1533 | Қосты: психолог | Мерзімі: 19.06.2017

 

1945 жылғы «Ауған-Ақбасты қырғынын» жұрт әлі ұмытқан жоқ. Арал қаласынан 200-250 шақырым шалғайдағы осы шағын елді мекенде белгісіз індет шығып, 139 адам мерт болады. Тіпті, өліктерді жерлейтін арнайы топ жасақталды. Ақыры, оның оба дерті екені анықталып, білікті дәрігерлердің араласуымен аурудың өршуі тоқтайды. Осы оқиға себеп болып Арал теңізі обаға қарсы күресу стансасы ашылады. Содан бері де жетпіс жылдан аса уақыт өтіпті. Осы кезеңде 24 оба ошағы анықталып, 225 оба ауруы тіркелген.

 

... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 1840 | Қосты: психолог | Мерзімі: 19.06.2017

Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Оларға «ақ желеңді абзал жандар, адам жанының арашашысы» деп баға беріп жатамыз. Қалай атасақ та артықтық етпейді. Ауырсақ, сырқаттансақ бірден осы адамдарға жүгіреміз. Алдына барған бізге мейірім төге қарап, емдеп, ақыл-кеңестерін береді. Күн демей, түн демей қажет кезде жанымыздан табылады. Осындай абзал жандардың төл мерекесі қарсаңында «Абай» ауылдық емханасының дәрігерге дейінгі бөлімінің аяжаны Гүлназ Сейілова жайлы айтпақпыз бүгін. Ол Арал қаласында дүниеге келген. 1984 жылы №14 мектепті бітірген соң, Ресейдің Калинин облысы, Бежецк қаласындағы медициналық училищесіне оқуға түседі. 1987 жылы аталмыш оқу орнын тәмамдаған Гүлназ, алғашқы еңбек жолын сол қаладағы облыстық ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 1231 | Қосты: психолог | Мерзімі: 19.06.2017

Кез келген ата-ана бала үшін бәйек болады. Оның баянды болашағы мен денінің саулығы үшін алаңдайды. Бала болашағының жарқын болуын мемлекетіміз де басты назарда ұстауда. Олардың денсаулығын бақылап, уақытылы емдеу жұмыстарын жүргізіп тұратын арнайы бөлімшелер бар. Олар жақсы кадрлар даярлауды да қолға алған. Міне, осы салада тынымсыз еңбек етіп, абырой биігіне көтерілген жандардың бірі - Лаура Жанысқызы Әділбаева.

... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 1398 | Қосты: психолог | Мерзімі: 19.06.2017

«Денсаулық-баға жетпейтін дәулет» дегендей, үнемі адам жанының арашашысы болып, халықтың шексіз алғысына бөленіп жүрген Қамбаш ауылдық дәрігерлік амбулаториясының 1-санатты фельдшері Аманқос Алмашовпен осы мекемеде балалар аяжаны боп жұмыс жасайтын жұбайы Рахия Жайықбаеваның медицина саласында бірге қызмет жасап жүргендеріне 40 жылға жуық уақыт болыпты. Аманқос 1978 жылы Қызылорда медициналық училищесіне түседі. Диплом алғаннан кейін, Мәскеудегі Запорожье қаласында Отан алдындағы әскери борышын абыройлы өтеп қайтады. Алғашқы еңбек жолын Қызылорда қаласының «жедел жәрдем» бөлімінде фельдшер ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 1367 | Қосты: психолог | Мерзімі: 19.06.2017

Кез келген елдің ең басты байлығы - халықтың денсаулығы. Сондықтан, денсаулық сақтау саласының жағдайы қашанда Елбасының ерекше назарында. Халқымыздың «Алғашқы байлық - денсаулық» деген сөзінің өзі осыған кепіл болмақ. Ақ халатты абзал жандардың көмегімен қамқорлықтарының арқасында науқас жандар сырқаттарынан айығып, денсаулықтың қадірін түсініп жатады. Дәрігер науқасқа сырқатының салдарын тауып, оны емдеу жолдарын айқындап берсе, бар мейір, ықыласымен оның әрі қарай емделіп, сауығуына медициналық көмек көрсететін мейірбике қызметінің мәні ерекше. Көпбалалы отбасында дүниеге келіп, еңбек жолын бұдан қ ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 1283 | Қосты: психолог | Мерзімі: 19.06.2017

Қашанда адам жанына араша түсіп, шықпас жанға себепші болатын дәрігерлер қауымының еңбегі қазіргі қоғамда ұшан-теңіз. Солардың ішінде бала жанының бағбаны болып, абыройлы еңбек ету кім-кімге де оңай тимес. Осы ретте, біз білетін Туби Ибраева есімді аудандық емхананың балалар невропатологы көптің алғысын арқалаған жандар қатарынан. Ол 1958 жылы Арал қаласында дүниеге келген. Талай тұлғаны түлеткен бұл өңірдің киелі топырағы біз білетін Тубиге де бір кісінің бойынан табыларлық білім мен ғылымды, ақыл мен мей ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 1717 | Қосты: психолог | Мерзімі: 19.06.2017

...Тербенбес тауының баурайындағы іргелі кентке жолымыз түскен еді. Негізгі мақсат -жұртшылық арасында жақсы пікір қалыптасқан Сексеуіл кенті ауруханасының жай-күйімен танысу. Бірден сонда тоқтадық... Жатағандау келген ескі ғимарат іші қарбалас. Ақ ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 1565 | Қосты: психолог | Мерзімі: 19.06.2017