Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



10:26
Неміс дәрігері жүрекке ашық операция жасау кезінде қанды жасанды жолмен айналдырды

18.06.2017

blogspot.com

Алматы облыстық кардиология орталығында Германиядан шақыртылған атақты дәрігер Уинфрид Драмбурдың шеберлік сабағы өтті. Жүрекке ашық операция жасау кезінде қан айналымын жасанды жолмен қамтамасыз ету өте маңызды. Неміс маманы -- бұл тәсілдің қыр-сырын жетік меңгерген белгілі перфузиолог. Сондықтан Талдықорғандағы операция кезінде оны іспен көрсетіп, жас кардиохирургтерге ақыл-кеңес берді. Айта кетейік, Алматы облыстық кардиология орталығында қазақстандық жас буын кардиологтардың талантты өкілдері еңбек етіп жүр. Олар өткен жылы 250-ден астам ашық жүрек операциясын сәтті жасады. Оған танымал дәрігерлер өткізген шеберлік сабақтарының тигізген әсері көп.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/182868-nemis-d-rigeri-zh-rekke-ashy-operatsiya-zhasau-kezinde-andy-zhasandy-zholmen-ajnaldyrdy

 

Просмотров: 828 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]