Маусым айының 1-і күні АИТВ жұқпасының анадан балаға берілуінің алдын алу мәселесіне байланысты білім деңгейлерін арттыру мақсатында Қазалы ауданындағы акушер-гинекологтар мен акушеркалар арасында оқыту семинары өткізілді. Сонымен бірге аудандағы перзентхана және бастапқы медициналық санитарлық көмек мекемелеріне АИТВ-жұқтырған жүкті әйелге диспансерлік бақылау жүргізу, анадан балаға жұқтырудың кешенді алдын алу шаралары, жүкті әйелдерді АИТВ-ға тестілеу, дискриминация және стигма мәселелеріне байланысты әдістемелік көмек көрсетілді. Семинарда ЖИТС орталығының емдік көмек бөлімінің меңгерушісі Ш.Өтегенова және эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Д.Карымсакова өздерінің презентацияларында АИТВ/ЖИТС-тың әлемдегі, Қазақстандағы және облыстағы індеттік ахуалы, АИТВ жұқтырғандарға медициналық көмект
...
Одан әрі оқыңыз »