Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



10:04
“ҚАНАТТЫ ҚАЛАМ” ФОРУМЫ

Қаламгер қауымның мерекесі қарсаңында Н.Бекежанов атындағы драма театрда "Қанатты қалам-2013” облыстық форумы өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, бұқара мен билік арасына алтын көпір салған тілшілерді төл мерекемен құттықтады. 
Бүгінгідей ақпараттық дәуірде жур­налистиканың Ахмет Бай­тұрсынов айтқан "халықтың көзі, құлағы һәм тілі” болу мұратына жаңалықты жедел әрі дәйекті етіп жеткізу талабы қосылды. Ақпарат нарығындағы бәсекелестікте газет, телеарна, интернет сайттарының әрқайсысының өз орны бар. "Айшы­лық жерден жылдам хабар алғызған” заманда бүгінгі күннің басты жаңа­лығы арада аз уақыт өтпей-ақ қоғам талқысына түседі де, ертеңіне тарих­қа айналып жатады. Сондықтан ағы­ны күшті ақпарат жеткізу үрді­сіне ілесу қазіргі журналистикаға жаңа заман ұсынған сынақ тәрізді.
Сыр елі қазақ журналисти­касы­ның небір марқасқаларын қанат­тан­дырған өңір. Алаш арыстары қол қойған "Қазақ” газетінің жарыққа шыққанына бір ғасыр болса, біздің аймақтың бас газеттері "Сыр бойы” мен "Кызылординские вести” газет­тері алдағы жылы 85 жылдық меже­сін бағындырады. Бұл аймақ басы­лым­дарының журналистика сала­сын­дағы ізашар болғанын айқын­дайтын белес. Бүгінде бастау бұла­ғын ата газеттерден алған ондаған басылымдар ақпарат айдынында еркін жүзіп келеді. Электронды ақпарат құралдарының да саны жыл өткен сайын артуда. Интернетке қолжетімділік артқан сайын жаңа­лықтарды сайттардан оқитын оқыр­мандар шоғыры қалыптасты.
"Қанатты қалам” форумында сөз сөйлеген облыс басшысы байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қоғамда үлкен мәр­те­беге ие екенін атап өтті.
– Ақпараттық саясатты жүргі­зуге мемлекеттік тапсырыс көлемі жылдан жылға артып келеді. Об­лыстық бюджеттен бөлінген қаржы 500 млн. теңгені шамалайды. Бұл өткен жылғыдан 2 есе артық. Демек ақпараттық қызмет қарымы да еселе­не түсетін болады, – деді облыс басшысы.
Мерекеде аймақ журналистері мен редакциялар қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен, түрлі аталымдармен марапатталды. Сон­дай-ақ Қызылорда қаламгерлер қауым­дастығының атынан бірқатар әріптестерімізге сый-сияпат ұсы­ныл­ды. Марапат иегерлерінің ара­сын­да "Сыр бойы” газетінің тілшісі Ыдырыс Тұрлығұлов, басылым опе­раторы Бисенкүл Қарабөпе, дизай­нер Қуаныш Оразбаев, бас редак­тордың орынбасары Дүйсенбек Беркімбаев бар. Ал журналист Сахитжан Бермағамбетов атындағы сыйлық басылым қызметкері Мей­рамгүл Дауылбайқызына берілді. 
Қаламгерлердің кәсіби мерекесі өнер мерекесіне айналды. "Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Айгүл Қосанова, әнші Өмірқұл Айниязов, опера әншілері Азамат Жылтыркөзов пен Бибігүл Жанұзақ шырқаған әдемі әндер қалам ұстаған қауымның көңіл-күйін шалқытты.


Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА. 

МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТ
Облыстың Құрмет грамотасы
1. Рахмет Несібелі Төлтайқызы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы «Жаңалықтар қызметінің» шеф-редакторы.
2. Галина Долдашевна Крючкова, «Қызылорда» ЖШС директоры.

Облыс әкімінің алғыс хаты
1. Бисенкүл Қарабөпе, «Сыр бойы» газетінің операторы.
2. Воробьев Владимир Борисович, «Кызылординские вести» газетінің аға тілшісі.
3. Дастанбек Садық, «Халық» газетінің тілшісі.
4. Қаленова Алтынай Арғынғалиқызы, «Ақмешіт ақшамы» газетінің менеджер-маркетологы.
5. Талғат Райымбеков, Қызылорда қоғамдық теледидарының редакторы.

НОМИНАЦИЯ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

1. «Әділет жаршысы» номинациясы
Аралбек Боранбаев, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының редакторы.

2. «Үздік меншікті тілші» номинациясы
Бекарыстанов Тілеген Ысқақұлы, Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының бағдарламалар директоры.

3. «Тәлім-тәрбиелік маңызы зор үздік газет» номинациясы
«Сыр психология әлемі” газеті.

4. «Қазақ тілді басылымдар бойынша үздік сарапшы» номинациясы
Тұрлығұлов Ыдырыс Тәжіұлы, облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі.

5. «Үздік газет дизайнері» номинациясы
Оразбаев Қуаныш Мақсұтұлы, облыстық «Сыр бойы» газеті компьютер бөлімінің бастығы.

6. «Орыс тілді басылымдар бойынша үздік сарапшы» номинациясы
Ботаев Қазбек Камалұлы, «Кызылординские вести» газетінің тілшісі.

7. «Индустриалды-инновациялық жобалардың үздік насихатшысы» номинациясы
Титенок Игорь Валерьянович, «Кызылординские вести» газеті экономика бөлімінің меңгерушісі.

8. «Үздік тәлімгер-журналист» номинациясы
Әскербек Рахымбекұлы, ардагер-журналист, «Сыр медиа» ЖШС ардагерлер ұйымының төрағасы.

9. «Үздік тележүргізуші» номинациясы
Молжанова Алтынай Бекмағамбетқызы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы тақырыптық хабарлар редакциясының шеф-редакторы.

10. «Үздік телережиссер» номинациясы
Мәмбетова Гүлсара Бердәліқызы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының режиссері.

11. «Белсенді автор» номинациясы
Шапшаңов Қуанышқали Рахманбердіұлы, еңбек ардагері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

12. «Үздік баспагер» номинациясы
«Принт» баспаханасы, директоры Дінисламов Ғалым Шәмшіұлы.

13. «Үздік мәдениет, өнер жаршысы» номинациясы
Республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналы.

14. «Жедел ақпарат таратушы» номинациясы
Назерке Саниязова, «Кызылорда-ньюс» интернет газеті бас редакторының орынбасары және «Халық» газетінің аға тілшісі.

16. «Әмбебап меншікті тілші» номинациясы
Хижняк Валерий Григорьевич, «Аргументы и факты в Казахстане» газетінің меншікті тілшісі.

17. «Үздік аудандық газет» номинациясы
Шиелі аудандық «Өскен өңір» газеті.

18. «Телеарнаның үздік монтажеры» номинациясы
Дархан Көлдеев, Қызылорда қоғамдық телеарнасының монтажеры.

19. «Үздік телеоператор» номинациясы
Дастан Ахметов, Қызылорда қоғамдық телеарнасының операторы.

20. «Үздік баспасөз хатшысы» номинациясы
Нұржамал Тұрсынбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

http://www.syrboyi.kz/page.php?page_id=4&lang_id=1&article_id=12716
Просмотров: 1835 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]