Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



Ғалымдар «Тәңір шөбі» деп аталып кеткен өсімдік құрамының адам ағзасындағы бірнеше ауру түріне, соның ішінде ісік пен ЖИТС-ке де ем екінін анықтады. Қара зеренің қасиеті жайлы тіпті киелі кітаптарда да жазылған деп хабарлайды VistaNews. Мамандар бұл өсімдікті суық тию мен созылмалы ауруларда да пайдалануға болады дейді. Жүздеген ғылыми зерттеу нәтижесінде қара зере дәнінің иммунды аурулар, оның ішінде теңге қотыр, ринит, ұмытшақтықтың алдын алатыны дәлелденді. Қайнатылған өсімдік дәні қан кысымы мен қандағы қантты қалыпты ұстауға да мүмкіндік береді екен. Сондай-ақ қара зеренің химиoтерапия ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 879 | Қосты: психолог | Мерзімі: 10.04.2017

 Басымыз ауырып, буындарымыз сыздап, сырқаттанып қалған жағдайда бірінші кезекте емхананың ақ халатты абзал жандарының көмегіне жүгінетініміз бар. Сонымен қатар, дәрігерге тексеріліп, дәрілік рецепт тағайындаған уақытта дәрі-дәрмектерді тегін алуға ұмтылатынымыз да бар. Несін жасырайық, қазір дәрінің бағалары тым  қымбат. Деректерге сүйенсек, өткен жылдың соңында еліміздегі дәрі-дәрмек бағасы 50-70 пайызға дейін қымбаттаған. Ведомство өкілдері жыл басында 3 мыңнан астам дәрі-дәрмек пен емдік заттардың бағасына мониторинг жүргізген. Соның ішінде 2842 дәрінің бағасы қымбаттағаны белгілі болыпты.
Баршамызға мәлім, 2010 жылғы 29 қарашада Мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан Республикасыны ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 1173 | Қосты: психолог | Мерзімі: 10.04.2017

 

Биылғы жылдың шілде айынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Медициналық сақтандыру дегеніміз – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі болып табылады. Осы арқылы болашақта сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі артып, халық мұқтаждығына жауап бере алатындай денсаулық сақтау жүйесі қалыптасып, денсаулықты жақсарту, өмір сүру ұзақтығын ұлғайту секілді мәселелердің түйіні ағытылатын ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 854 | Қосты: психолог | Мерзімі: 10.04.2017


 Дүниежүзілік денсаулық күніне орай  «Жастар денсаулығы мен өмірлік дағдылары: заманауи тәсілдер мен озық тәжірибелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның пленарлық мәжілісіне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Ержан Ерсаинов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық орталығы директоры Жамиля Баттакова, Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ бағдарламаларының координаторы Айгүл Қадірова бастаған денсаулық сақтау саласының мамандары мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Конференцияны ашқан облыс әкімі шараның маңыздылығына тоқталды.
– Мемлекет басшысы – Ұлтымыздың көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алаштың анасы ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 1090 | Қосты: психолог | Мерзімі: 10.04.2017

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, денсаулық сақтау саласы жемқорлықтан сау емес. Мұны Sputnik Қазақстан агенттігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежанов құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бағалауына сілтеме жасай отырып, жемқорлық деңгейі бойынша денсаулық сақтау жүйесі Қазақстан экономикасының өзге салаларының арасында алғашқы бестікке енетінін айтты.

... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 992 | Қосты: психолог | Мерзімі: 10.04.2017