Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



11:39
Біртанов: Медициналық білім беру саласын жемқорлық дендеп алды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, денсаулық сақтау саласы жемқорлықтан сау емес. Мұны Sputnik Қазақстан агенттігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежанов құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бағалауына сілтеме жасай отырып, жемқорлық деңгейі бойынша денсаулық сақтау жүйесі Қазақстан экономикасының өзге салаларының арасында алғашқы бестікке енетінін айтты.

«Бұл жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша жұмыстардың дұрыс атқарылмай жатқандығын көрсетеді», — деді ол.

Өткен жыл мен биылғы жылдың алғашқы үш айы ішінде жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін министрлікке тікелей бағынатын денсаулық сақтау ұйымдарының тоғыз лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, олардың жетеуі сотталған.

«Біріншіден, біз денсаулық сақтау министрлігінде жемқорлықтың барын мойындаймыз және өкінішке қарай, бұл жайт өршіп барады. Бұл ретте денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымы бір жақты: біз бұған жол бермейміз.

Меніңше, баяндамада жемқорлық өршіп тұрған аса бір маңызды сала айтылмай кеткен секілді, ол — медициналық білім беру саласы. Бұл мәселеге де жете мән беруге тиіспіз.

Жоғары оқу орындарымызда жақсы баға алу үшін оқытушыларға заңсыз сый-сияпат беру дамып келеді. Біз болашақ әріптестерімізді алғашқы күннен осындай әрекетке баулып жатырмыз», — деді Е.Біртанов.

 

http://www.oinet.kz/news/kogam/i4627

Просмотров: 994 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]