Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:00
АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу


Маусым айының 1-і күні АИТВ жұқпасының  анадан балаға берілуінің алдын алу мәселесіне байланысты білім деңгейлерін арттыру мақсатында Қазалы ауданындағы акушер-гинекологтар мен акушеркалар арасында  оқыту семинары өткізілді. Сонымен бірге аудандағы перзентхана және бастапқы медициналық санитарлық көмек мекемелеріне АИТВ-жұқтырған  жүкті әйелге диспансерлік бақылау жүргізу, анадан балаға жұқтырудың кешенді алдын алу шаралары, жүкті әйелдерді АИТВ-ға тестілеу, дискриминация және стигма мәселелеріне байланысты әдістемелік көмек көрсетілді. Семинарда ЖИТС орталығының емдік көмек бөлімінің меңгерушісі Ш.Өтегенова және эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Д.Карымсакова өздерінің  презентацияларында АИТВ/ЖИТС-тың әлемдегі, Қазақстандағы және облыстағы індеттік ахуалы, АИТВ жұқтырғандарға медициналық көмекті ұйымдастыру, АИТВ-ның зертханалық диагностикасы,  жүкті әйелдерді шұғыл-тесттен өткізу ерекшеліктері, тестке дейін және тесттен кейін психо-әлеуметтік кеңес беру, инъекциялық есірткі тұтынушылар мен жыныстық қатынас қызметін көрсетуші әйелдерге кеңес беру ерекшеліктері, АИТВ-ның клиникалық классификациясы, ретровирусқа қарсы ем негіздері, АИТВ жұқтырған жүкті әйелге диспансерлік бақылау жүргізу, қауіпсіз босандыру ережелері, дискриминация, стигма мәселелері, байланыстан кейінгі алдын алу сияқты өзекті мәселелерге тоқталды. 
Семинарға қатысушылар семинарға дейін және семинардан кейін 20 сұрақтан тұратын тест сұрақтарына жауап беріп, қорытындыланды. 
Семинар сабақтың тақырыбы: «АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу шаралары. Дискриминация және стигма»
Семинардың мақсаты: АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу мақсатында жүкті әйелдермен жұмыс жасау үшін акушерлік-гинекологиялық қызмет мамандарын арнайы дайындықтан өткізу.
Өткізілген семинар нәтижесінде қол жеткізілді:
-    Семинарға қатысушылардың семинар соңында АИТВ-ның алдын алудың негіздері, жұғу жолдары, клиникасы, емдеу ерекшеліктері, АИТВ-мен өмір сүрушілерге көмек көрсету бойынша нормативтік база жөніндегі білім деңгейлері жоғарылады. 
-    Семинарға қатысушылар семинар соңында АИТВ-ны жұқтыру қаупі факторлары, жүкті әйелді қауіпсіз босандыру, АИТВ жұқтырған анадан туған нәрестені қоректендірудің маңызын және ретровирусқа қарсы препараттардың іс-әрекет механизмін түсінді.
-    Семинарға қатысушылар  семинар соңында  анадан балаға берілудің жоспарлы және шұғыл профилактикасын жүргізуді, АИТВ-ға шұғыл-тест жүргізуді, тестке дейін және тесттен кейін кеңес беру тәсілдерін үйренді. 
ЖИТС орталығының мамандары семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. 
Бұндай іс-шаралар одан әрі жалғасын таба бермек.

 

Д.С ҚАРЫМСАҚОВА,
Қызылорда облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың  дәрігер-эпидемиологы

Профилактика передачи ВИЧ от матери ребенку

С целью повышения уровня знаний акушер-гинекологов и акушерок по вопросам профилактики ВИЧ от матери ребенку проведен семинар в Казалинском районе. Также оказана методическая помощь родильному отделению центральной районной больницы и организациям ПМСП  по вопросам диспансеризации ВИЧ инфицированных беременных женщин, комплексная профилактика ВИЧ от матери ребенку, тестирование беременных женщин на ВИЧ, дискриминации и стигмы. На семинаре заведующая отделом лечебной помощи Ш.Утегенова и врач-эпидемиолог областного центра СПИД  Карымсакова Д.С. акцентировали внимание участников семинара на такие вопросы, как эпидемиологическая ситуация ВИЧ/СПИД в мире, Республике Казахстан и области, организация медицинской помощи пациентам с ВИЧ, лабораторная диагностика ВИЧ инфекции, особенности экспресс-тестирования беременных,  консультирование до и после тестирования на ВИЧ, особенности консультирования беременных женщин, употребляющих инъекционные наркотики и оказывающие секс-услуги, классификация ВИЧ- инфекции, основы антиретровирусной терапии, безопасного родовспоможения, диспансеризации ВИЧ-инфицированных беременных женщин,  дискриминации и стигмы, постконтактной профилактики ВИЧ. 
Участники семинара ответили на 20 вопросов теста до и после семинара.
Тема семинарского занятия: «Профилактика ВИЧ от матери ребенку.   Дискриминация и  стигма». 
Цель семинарского занятия: подготовить специалистов родовспомогательной службы к работе с беременными женщинами для проведения профилактики перинатальной трансмиссии ВИЧ.
В  результате  проведенного семинара  достигнуто:
-    По окончанию семинара у участников повысилась информированность по вопросам основы профилактики заражения, путям передачи, клиники, особенности лечения, нормативной базе по оргнаизации помощи людям, живущим с ВИЧ. 
-    По окончанию семинара  участники стали понимать факторы риска заражения и возможные меры профилактики инфицирования ребенка, безопасное родовспоможения и выбор метода вскармливания при ВИЧ, механизм действия антиретровирусных препаратов для профилактики перинатальной трансмиссии. 
-    По окончанию семинара  участники научились проводить экстренную и плановую профилактику передачи ВИЧ от матери ребенку, экспресс-тестирование на ВИЧ, консультирования женщин до и после теста.
    Специалисты СПИД  центра ответили на все вопросы, заданные участниками семинара.
    Такая работа  в дальнейшем будет продолжена.


        Д.С КАРЫМСАКОВА,
врач-эпидемиолог Кызылординского областного центра по профилактике и борьбе со СПИД.
 

Просмотров: 1956 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]