Мейірімділік, еңбекқорлық, адалдық, білімділік, біліктілік. Осының бәрі дәрігер бойынан табылатын ұлы қасиеттер. Алайда, оларға ең қажеттісі – шыдамдылық. Өйткені, медицинаға жүрек қалауымен келгендер ғана өз ісінің нағыз майталманы атанады. Оның әр саласы өзіндік қырымен ерекшеленетіні белгілі. Адам өмірінің арашасы болу әсте оңай жұмыс емес. Сондықтан ақ халаттыларға артылар жауапкершілік пен қойылар талап жоғары. Осындай үдеден шыға білген біздің кейіпкеріміз – облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары, жоғары санатты акушер-гинеколог Сәуле Жақанова. Бүкіл ғұмырын осы салаға арнаған ол бүгінде 7 мыңға жуық сәбидің кіндік шешесі атанған алтын қолды абзал жан.
Сәуле Сәменқызы 1963 жылы Тереңөзек ауданы, Қараөзек ауылында дүниеге келген. Ол қаладағы медициналық
...
Одан әрі оқыңыз »