18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға күтім жасап отырған азаматтарды медициналық сақтандыру мемлекет есебінен жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткізілген брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Аталмыш заң жобасы бүгін Мәжілісте жан-жақты таныстырылмақ. Сала басшысы мүгедек бала кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олардың күтушілері басқа санатқа ауыстырылатынын жеткізді. «Министр сондай-ақ елімізде бұдан былай дәрі-дәрмектің бағалары қатаң бақылауда болады», - дейді.
...
Одан әрі оқыңыз »