Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



Журналистің архивінен

Иә, дәл осыдан 37 жыл бұрын, 1979-дың шілде айы. Үш қабатты зәулім ғимарат. Ол кезде мұндай үйлер Аралда тым санаулы-ақ. Солардың ішіндегі еңселісі - перзентхана тұғын. Ол өзі қаланың батыс бөлігіне, елден оқшау орналасқан. Айналасы тас плиталармен қоршалып, ауласына тал егілген. Демек, қай жағынан болса да, көз тартарлық. Ал, адамдары ше?! Мұнда барлығы 150-дей қызметкер бар. Оның 8-і дәрігер-гинеколог, 36-сы акушер, 28-і медбике. Жыл сайын кеміне есептегенде, екі мыңдай әйел босанады. Аз шаруа емес. Әсіресе, демалыс күндері келушілер өте көп. Солардың арасында біз де тұрмыз. Сәкең ағайымыз немерелі болып, соны құттықтағалы келдік. Жас нәрестені орап, ақ халаттылар тысқа шықты. Со бойда жанымдағылар ақ халатты қағылез келіншекті жабылып сүйіп жатты. Өзгелерін құшақт ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 756 | Қосты: психолог | Мерзімі: 03.01.2017

10 жыл. Адам өмірі үшін 10 жылды біршама уақыт деп айтуға болатындай. Себебі, 10 жылда жаңа туған нәресте мектеп табалдырығын аттап, әріп танып, сандарды санап, бастауыш білімді аяқтайды. Ал, енді жаңадан мектепке барған бала кәмелеттік жасқа жетіп, жаңа өмірге қадам басады. Жоғарғы оқу орнына түскен түлек, жас маман атанып, жаңа еңбек жолының бесінші жылын тәмамдар еді. Міне, өмір осылай «Өмір-өзен» деп аталатын, өз ағысымен өте беретіні бір жағынан қандай қуаныш болса, екінші жағынан өтіп бара жатырған уақытқа қарап, өмірдің өткінші екендігіне өкінесің. Иә, осындай өткінші бір өмір, тура 10 жыл бұрын білікті маман, абзал азамат Алмас Жақсылықұлы Жетесовті арамыздан алып кеткен болатын.

Бұл күн, 2006 жылдың мамыр айының бір күні еді. Осы бір азалы күн жанұя жандарының жанына өксік болып кіріп, жүректеріне жазылмастай жара сал ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 896 | Қосты: психолог | Мерзімі: 03.01.2017