Главная »
Статьи » орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары
В категории материалов: 512
Показано материалов: 491-500
Әдетте сатуға кокаин таза қарға ұқсас ақ ұнтақ түрінде түседі. Сондықтан кокаиннің атауының бірі – «ақша қар». Көбіне кокаинді мұрын арқылы ішке сорады. Ықпалы бірден болады. Ол эйфория, көңіл-күйдің көтерілуі сезімдерімен білінеді. Кокаин қабылдаған адамда өзіне нық сенім, данышпандық сезімі артады. |
Әлеуметтік құбылыс ретінде нашақорлық соңғы жиырма жылдықта кең қанат жаюда. Оның неліктен болатындығы жөнінде көптеген себептерді атап көрсетуге болады. Бұл - жұмыссыздық, ауыр материалдық жағдай, психологиялық проблемалар сияқты әлеуметтік өзекті мәселелердің болуы әбден мүмкін.
|
Жұқпалы ауруларға қарсы шаралар үш бағытта жоспарлануы және өткізілуі тиіс:
1) жұқпа көзіне әсер ету – оны зарарсыздандыру;
2) инфекцияның таралу жолдарын үзу;
3) адамдардың инфекциялық кеселдерге қарсы тұрақтылығын арттыру.
|
Рентгендік зерттеу тәсілін кез келген балаға орындауға болады. Қандай болмасын рентгендік зерттеуге емдеуші дәрігердің немесе кеңесші-маманның нұсқауы қажет. Баланың ата-анасы рентгендік зерттеуден бас тартқан кезде, дәрігердің зерттеу болмауының зардабын оларға түсіндіріп, бұл деректі міндетті түрде медициналық құжатқа тіркеуі керек.
|
Рентгендік сәуле шашу – бұл электрлік заряды жоқ және тік сызықпен жарық жылдамдығымен тарайтын кванттар ағыны. Оның медицинада зор мәні бар және клиникалық зерттеудің маңызды тәсілдерінің бірі болып табылады. Ол көзге көрінетін сәулеге тән емес ерекше қасиеттерге ие. Рентген сәуле шашуы дене мен заттар арқылы өтіп, тіннің жеке үлес-салмағына байланысты жұтылады.
|
Гашиш арабшадан аударғанда «құрғақ шөп» дегенді білдіреді. Гашишті сорадан өндіреді, ол қара немесе сұр түсті бір текті заттың кесінділері немесе плиткалары түрінде болады. Оның белсенді құрамдас бөлігі тетрагидроканнабинол болып табылады. Гашиш бұл өсімдік емес. Марихуанадан айырмашылығы, гашиш өте күшті психобелсенді әсер иеленеді.
|
Алкогольдiк тәуелдiлiк - бұл адамның өз еркiмен iшiмдiктен ажырай алмау жағдайы.
Алкогольдi iшiмдiктердiң адам организмiне тигiзетiн зияны жеткiлiктi. Ол орталық нерв жүйесiнде ойлауды, есте сақтауды, зейiн қоюды, үйлесiмдi қимылды төмендетедi. Iшкiш адам өз басында әлсiз эйфорияны кешiредi. Ал алкоголь мiнез-құлық және эмоционалдық сфераны қадағалайтын ми телімдерiне әсер ете бастағанда, адам өз әрекетiне бақылау жасай алмайды. Алкоголь көңiл-күйде шұғыл ауытқулар мен күштi эмоциялық реакциялар тудырады.
|
Миокард инфаркті фонында кардиогендік шоктың болуын білдіретін ақпараттар:
- Миокард инфаркті бар науқаста кенеттен әлсіздік пайда болады, терісі боз, ылғалды, “мрамор” түсті, веналары солып қалған, саусақтары мен табаны салқын
- ҚҚ (қан қысымы) төмен, систоликалық қысым 90 ммсынбағ немесе одан аз.
|
Есірткі заттарын тұтыну дәстүрі ежелден белгілі, сондай-ақ оған қарсы күрес сол кезден бастап жүргізіліп келеді. ХІІІ ғасырда Египет пен Сирия елінің билеушісі болған Бейбарыс І сұлтанның өмірі жөніндегі "Спрат Бейбарыс" халық эпосының бір үзіндісінде оның Каир қаласының түкпірлі бөлігінде жемқорлықпен, жезөкшелікпен және гашиш шегуге қарсы қалай күрескені жөнінде баяндалады.
|
Бүгінгі таңда гипертониялық кеселден жапа шегетін адамдар саны үздіксіз артуда. Сондықтан оның профилактикасы маңызды.
Аталған кеселге ата-тектік бейімділігі барлардың бұл проблемаға зейін салуы аса қажет. Олардың кардиолог дәрігерге көрініп, өз бетінше артериалдық қысымды бақылап тұрғаны жөн. Қан өлшейтін құралдардың көмегімен мұны жасау тіпті қиын емес.
|