Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:43
ЖЕДЕЛ ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫ – ЖҰҚПАЛЫ АУРУ

Жедел ішек инфекциялары – бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын жəне балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру. Бұл əлемде ең көп таралған инфекциялардың қатарына жатады.

Барлық ересектердің, əсіресе, балалардың дизентериямен, сальмонеллезбен, колиэнтеритпен жəне басқа да жедел ішек инфекцияларымен ауырмаған бірде бір ел жоқ. Жұқпалы жедел ішек ауруларының бас көтеретін мезгілі қазіргідей жаз айлары болып есептеледі. Ішектің ауруға шалдығуынан, кейде іштің бұзылуы организмінің кейбір тағамдарды қорыта алмауымен байланысты. Ішек инфекциясы – жұқпалы ауру. Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де, микробтары нəжіспен ілесіп сыртқы ортаға тарайды. Инфекция гигиеналық тазалықтың төмен дəрежеде болуынан, азық-түліктерден, мəселен, жуылмаған көкөністерден, пісірілмеген сүттен, сапасыз тағамдарды пайдаланғаннан, шала пісірілген тағамдарды қолдану, сондай-ақ, ауыз суды қайнатпай ішкендіктен, лас суға түскендіктен жұғады. Жаз айларында инфекцияны көп жағдайда шыбындар таратады.

Аурудың алғашқы белгілері: Іштің жиі-жиі судай өтуі, дене қызуының көтерілуі, емшектен бас тарту, асқа тəбеті болмау, шөлдеу, құсу, бас ауру, жалпы əлсіздік, селқостық, мазасыздық, ауырсыну, дəретіне қан қоспасының немесе кілегейдің пайда болуы. Науқаста қайталамалы құсық, іш өткен сайын баланың жағдайы ауырлай түседі. Өйткені, организм өзіндегі тіршілікке қажетті су мен тұздарды көп жоғалтады. Өздігінше емделу аурудың асқынуына əкеліп соғуы немесе созылмалы формаларына ұласуы мүмкін. Жоғарыдағы аталған клиникалық белгілер пайда бола бастаса дəрігерге көрінуі керек.

 

Жанар ШОХАЕВА,

эпидемиолог жəне салауатты өмір салтын қалыптастыру дəрігері

«Өскен өңір». 17 маусым 2017 жыл.

Просмотров: 2227 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]