11:45 ЖАН САУЛЫҒЫ – ҰЛТ САУЛЫҒЫ |
Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы – тіршілікте салауатты өмір салтын ұстануға, сауатты өмір кешуге байланысты. Осы мақсатта Ортақшыл ауылындағы №150 мектебінде туберкулезге қарсы акция өткізілді.
Аудандық туберкулезге қарсы бөлімше мен аудандық жастар денсаулығы орталығының ұйымдастыруымен «Әлемді туберкулезден құтқару. Туберкулезден зардап шегу, ауыру, қайтыс болудың деңгейі нөл» атты ұранымен өткен шара аясында облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің дәрігер-фтизиаторы А.Ахметов, облыстық салауатты өмір салтын сақтау орталығының бөлім меңгерушісі Б.Қарымсақова, облыстық жастар орталығының маманы Г.Масқожаева дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай өткізілген айлық аясындағы бұл іс-шараның маңыздылығына тоқталып, әр адам өз денсаулығын сақтай білу үшін тазалық сақтап, спортпен шұғылданып, денсаулыққа кері әсерін тигізетін әдеттерден аулақ болу жөнінде баяндамалар оқыды.
Мектептегі іс-шара барысында «Үздік қабырға газеті» сайысы түрлі тақырыптарда ұйымдастырылып, сайыс жүлдегерлері алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, аудандық емхана мамандары оқушыларға туберкулез ауруы жайындағы парақшаларды таратты.
Қ.ЖИДЕБАЙ
http://osken-onir.kz/zhan-sauly-y-lt-sauly-y/ |
Просмотров: 1194 |
Добавил: психолог
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]