Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:12
ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ КҮНДЕРІ ӨТІП ЖАТЫР

 Республикалық акция аясында педиатрия және балалар хирургиясы институтының білікті дәрігерлері шеберлік сабақтарын өткізу үстінде http://24.kz/kz/.

Сондай-ақ Онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының мамандары да ауруды анықтау мен емдеудегі озық тәсілдерімен бөліседі. Сыр өңіріне 2 күнге келген хирургтер танымдық семинар және қажетті кеңестерден бөлек сәбилерге операция жасап, бірнеше ересек адамның қатерлі ісігін кесіп алып тастайды. Жоғары білікті мамандардың айтуынша, инновациялық әдістер тәуекелділікті азайтып, операция уақытын қысқартады. Сонымен қатар пышаққа түскен науқастың тез оңалуына жағдай туғызады.

- Біздің бағдарламамызда жергілікті мамандарға өңеш-тамақ, кеуденің ішкі тұстарына қайта құру секілді пластикалық операциялар жасауды үйретеміз. Бұл ағзаны сақтаушы операцияларға қолдың ебі керек. Операция үстелінен тұрған науқастың өмір сүру сапасы бірден артуы тиіс,– дейді Онкология және радиология ҚазҒЗИ дәрігері Эмиль Баймұхамбетов

https://kyzylorda-news.kz/news/lifnews/15603-yzylordada-medicinaly-ozy-tehnologiya-knder-tp-zhatyr.html

Просмотров: 759 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]