19:56 ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ |
Бүгін Қызылорда қаласында медицина қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев денсаулық сақтау саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жоғары жетістіктерін атап өтті.
- Атқарылған жұмыстың нәтижесі көрсеткіштермен бағаланады. Өңірімізде өмір сүру ұзақтығы 71,9 жасқа жетті. Ана өлімі 86,6 пайызға, сәби өлімі 2,5 есеге төмендеді. Жүрек-қан тамырлары ауруларымен науқастану мен өлімі 6 пайызға, қатерлі ісік ауруларымен науқастану мен өлімі 8,4 пайызға, туберкулез 10,3 пайызға азайды. Жасыратыны жоқ, осыдан бір-екі жыл бұрын республикалық көрсеткіштердің алдыңғы орындарын бермей келдік. Қазір ана мен сәби өлімі көрсеткіштері бойынша республикада 9 орынға тұрақтадық. Бұл сандар медицина қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында жүздеген, тіпті мыңдаған жанның құтқарылғандығының дәлелі, -деді аймақ басшысы.
Салтанатты шара барысында облыс әкімі Қ.Көшербаев медицина саласының ең үздік қызметкерлерін марапаттады.
https://kyzylorda-news.kz/news/lifnews/15614-yzylordada-medicina-yzmetkerler-kn-atalyp-tt.html |
Просмотров: 1419 |
Добавил: психолог
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]