Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:27
ҚЫЗМЕТІМЕН ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕНДЕР

Қазалы теміржол емханасына қарасты халық саны – 20615. Оның ішінде балалар – 4515, ересектер – 16100. Емхана Сексеуіл мен Төретам бекеттері аралығындағы халыққа медициналық қызмет көрсетеді. Бір күнде шамамен 300-350 адамға дейін қабылдай алады. Бүнда терапевтер мен педиатрлар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер жұмыс жасайды.

Емхана заманауи технологиялар ЭЭГ, УДЗ, Жаңғырық-кардиография, «Доплер», рентген, маммография, Холтер мониторы, компьютерлік томографиямен жабдықталған.

Сондай-ақ, ЖПД, иммунологиялық кабинет, дені сау бала бөлмесі, балаларға жеке кіруге арналған фильтр, инфекциялық, ПОР, ресурстық орталық кабинеттері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығына сәйкес диспансерлік есепте тұрған науқастарды тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін дәріхана ашылуына байланысты дайындық жұмыстарын жүргізуде, РПН, екіқабат және туу жасындағы әйелдер, онкологиялық науқастар, ПБГ (емдеуге жатқызу бюро Порталы), «Д» науқастарды электрондық тіркеу, ИСЛО, «АИС»- емхана, АПП регистрлері енгізілген.

Емхананы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері, денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша 1-ші санатты дәрігер, филиал директорының емхана жөніндегі орынбасары Серік Адаев басқарады.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

http://qazaly.kz/yzmetimen-rmetke-b-lengender/

Просмотров: 735 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]