Украиналық арулар Халықаралық әйелдер күнінде салауатты өмір салтын ұстанып, көпішілікке үлгі көрсетті. Сөйтіп жүздеген қыз-келіншек 8-наурыз мерекесінде өз денсаулықтарына пайдалы шара ұйымдастырды. Украиналық қыз-келіншектер мерекені жүгіруден бастап, одан қалды көлікпен жарысты. Осылайша әйелге тән бейнені салауатты өмір салты арқылы көрсетті.
Мерекелік шараға 12 мен 56 жас аралығында 300-ден астам нәзік жанды қатысты. Бұл марафонда ережесі жеңген де, жеңілгендер де жоқ. Әйелдер жарысқа жан қалауымен қатысып жатыр.
Мария Карачина, жарыс ұйымдастырушысы:
- Бұны жарыс деп атауға келмейді. Өйткені әр қатысушы өздері қалаған киім үлгісімен, макияжбен жүгіріп жатыр. Олардың қандай қарқынмен жүгіріп жатқаны маңызды емес, әркім өз шамасына қарай тырысып бағуда. Мария 8-наурыз күні марафонға осынша адам келеді деп ойламағанын айтады. Ол дәл осындай спорттық шараны 4 жыл бұрын өзінің құрбыларымен бірлесе ұйымдастырған. Бастапқыда қатысушылар аз болғанымен, келе-келе қызығушылық танытқандар саны артты. Бірнеше жүздеген метрден кейін тағы бір көрік қыздырар шара - әйелдер арасындағы көлік жарысы. Қатысушылар арасында өз ісінің шеберлері де, әуесқой спортшылар да бар.
Тамара Морозова, әйелдер автораллиінің ұйымдастырушысы:
- Жолда мұқият болып, картада белгіленген ара қашықтықты жылдам өту керек. Жолдың ұзына бойы бірнеше бөліктен тұрады. Жасанды кедергілерді де сәтті бағындыру керек. Қателеспесең, уақыт көрсеткіші де соншалықты жақсы болады. Экипаж мүшелері, оның ішінде көлік жүргізуші мен штурман жолды жылдам бағындыру жоспарын алдын ала ойластырады. Мысалы, былтырғы раллиде жүлделі орыннан көрінген Лара мен Анна сәттілік құпиясы командадағы өзара түсіністікте деп санайды.
Анна, көлік жарысына қатысушы:
- Біз бұрыннан доспыз. Жақсы құрбылармыз. Лара өте ақылды, сондықтан ол менің штурманым. Ол жаңылмай ойша санай алады, бұл қабілет штурман үшін маңызды. Сөйте тұра көлік жүргізуді де жетік меңгерген. Командамыздың мықты болу сыры осыда.
Елена - кәсіби спортшы, жарыстарға жиі қатысады. Автораллиге қатысудағы мақсат - өз шама шарқыңды байқау. Елена, көлік жарысына қатысушы: - Әйелдер раллиі мен үшін беймәлім спорт түрі. Бірақ өз басым спортшы болғандықтан 8-наурыз күні көлікпен де бақ сынауды құп көрдім. Әйелдер автораллиі биыл 19-шы рет өтіп отыр. Ал келесі жылы осы спорттық шара 20-сыншы мәрте ұйымдастырыла ма, жоқ па - ол белгісіз. Өйткені Украина парламенті 8-наурыз халықаралық әйелдер күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау туралы заң жобасын қарастырып жатыр.
Аворлары: Мирлан Алтынбек, Анна Панащук, Михаил Мищенко.
Дереккөз: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/166944-ukrainada-zh-zdegen-yz-kelinshekter-densauly-taryna-pajdaly-shara-jymdastyrdy
|