Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



19:34
ТАРАЗДА «РЕНТГЕН ӘЙЕЛ» ДӘРІГЕР ҚАЙТАРҒАН НАУҚАСТАРДЫ ЕМДЕП ЖҮР (ФОТО, ВИДЕО)

Таразда Динара есімді емші туралы бірнеше жылдан бері аңыз болып айтылып жүр. Дәрігер «ем қонбайды» деп қайтарған адамдардың емші, бақсы, молда іздеп шығатыны түсінікті жағдай. Осындай адамдардың дертімен күресуді Динара емші өз қолына алады екен.

«Рентген әйел» атанып кеткен Динара Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісіне эксклюзивті сұхбат беріп, мұндай тылсым күшті арқалап жүруінің құпиясын ашты.

Динараның емші болатынын ата-анасы жасөспірім кезінен-ақ біліпті. Ал бойжеткен кезде өзі медицина саласы бойынша білім алып, дәрігер болуды армандаған. Тек армандап қана қоймай оны жүзеге асыру мақсатында Университетке де түскен.

1984 жылы Динара әлдебір дертке душар болып, талма ауруына ұшырайды. 14 жасар жасөспірім қызға дәрігерлер «елірме» (эпилепсия) деген диагноз қояды. Ауруханада ем қонбаған соң, Динараны анасы Талас ауданы, Майтөбе ауылындағы атақты емші, көріпкел Қожағаппарға апармақшы болады. Күйеуі емшіге қаратуына қарсылық білдіреді.
 

Әйелі құлақ аспаған соң «Көлік бермеймін онда» дейді. Ал анасы «Жаяу барамын» деп есіктен шыға жөнеледі. Әке жүрегі шыдамастан қызы мен әйелінің соңын ала сәлден соң көлік жіберіпті.

Ұзын-сонар кезекте тұрған адамдардың бірі «Байқадамнан 14 жасар қыз келу керек» деп күтіп отырмыз» деп Динараны анасымен бірге кезекке қаратпай ішке кіргізіп жібереді.

Алдын ала бәрін болжап, біліп отырған Қожағаппар қария «ә» дегеннен «Жаяу барамын деп едіңдер ғой? Неге жаяу келмедіңдер? Сонша күттірдіңдер» деп қарсы алыпты. Ем-домын жасап, жас қызға шіріткі жазып береді.

«Сен кейін емші боласың. 18-ге толғанда мен тірі болсам келіп кетерсің. Тірі болмасам көрерсің» деп шығарып салады.

Қожағаппар атаға қаралғаннан кейін Динара талма ауруынан құлан-таза айығады. Мектеп бітіріп, Жамбыл қаласындағы медициналық училищеге оқуға түседі.

Динара студент атанған сәтте Құдай берген қасиеті ашылып, алдында отырған студент қыздың өмірін ақ қағазға қарап-ақ айтып беретін хәлге жетеді. Бұл құбылыс өзге түгілі Динараның өзіне түсініксіз еді. Күндер алға жылжыған сайын, туғаннан оң көзінің қарашығы қисық біткен бойжеткен қатты қысыла бастайды.

Орайы келгенде көз дәрігері Овсянникова ота жасап беруге келіседі де, Динара көзіне жасалатын ота туралы әке-шешесіне айтпай-ақ қуана келіседі.

Овсянникова оң көзге жасалатын отаны қолға алып, кіріскенде неге екенін қыздың аяғы жан шыдатпай ауырғаны соншалық әлдекім оң аяғын кесіп жатқандай күй кешеді . Оң көзге жасалған ота сәтті аяқталғанымен, Динара сол күні оң аяқтан қалған еді… Ал окулист дәрігер Овсянникова отадан кейін Динараға ота жасағанда оң көзінен шырақтай жанған әлдебір жарық сәулені көргенін айтыпты.

Күн өткен сайын жағдайы нашарлап, ол енді жүре алмайтын халге жетеді. Белінен төмен қарай буыны ұстамай, белі мен денесі екі жаққа айналып кететін. Дәрігерлер қыздың болашағынан үміт үзеді. Ата-анасы сал болып қалған қызын жер-көктің дәрігеріне көрсетеді.

Бірақ бір де бір дәрігер қызды айықтыра алмайды. Екі жылға жуық уақыт төсек тартып жатқан Динараны ата-анасы Жамбыл қаласының тұрғыны Мыңбаев Бектұр есімді емшіге алып келеді. Бұл уақытта Динара өзіне бағынбай буынсыз қалған аяғын жіппен байлап, жинап алатын хәлге жеткен еді.

«Тоғыз күн емдеймін. Қызда әруақ бар. Құдай жазса үлкен емші болады. Дәрігерлер көп қинаған екен» деді Бектұр ата. Үш күннен соң қабырға жағалап жүре бастадым. Тоғызыншы күні аяғыма тік тұрдым. Сөйтіп, ауылға «емші Динара» болып оралдым. Ең алғаш 14 жасар Мадина есімді қызды алып келді. Қатерлі ісік ауыруына шалдыққан.

Дәрігерлер ем қонбаған соң үміт үзген екен. Мен «Сен әлі –ақ шауып кетесің. Жанұя құрасың. Қызметкер боласың» деп емдей бастадым. Ол уақытта «Фатиха» сүресін жаттап алғанмын, ал «Ықылас» сүресін әлдебір тылсымның құдіретімен түсімде жаттаған едім. Сөйтіп қыздың іш-құрылысын емдеп, аяғынан тік тұрғыздым.

Расында, Мадина бүгінде үлкен қызметкер. Менің емес Алланың қалауымен болады ғой барлық нәрсе. Мен үшін ең ауыры хәл үстіндегі адам. Ал ең ғажабы ол ажал аузындағы адамның бетін бері қарату. Осыдан асқан бақыт бар ма?!» -деп көзіне жас алды Динара емші.

Бұрынғы Семей облысы, Мақаншы ауданынан келген 8 жасар бала өмір есігін ашқаннан зағип екен. Бірақ ем қабылдаған соң: «Динара апа, мен сізді көріп отырмын» деген. Осындай сәтті көрініс, ғажап оқиғалар Динараның ем-домынан кейін көп кездесіпті.

Емші әйелдің қазіргі көзі жас күніндегі суреттерімен салыстыруға мүлде келмейді. Жыл ұзарған сайын Динараның көздерінің шарасы да үлкейгені таңдандырды. Ал емдеу барысында көзіне қара көзілдірік киіп ала қояды. Оның себебі оң көзінің қарашығы рентген сәулесін шығарарда аунақшып тұрады екен. Бұл құбылыстан емделуші шошынып қалуы мүмкін. Бұл жағдайдан өзге емес, Динараның өзі де үрейленеді екен.

Динараны арнайы білімі бар мамандар көзінде рентген сәулесінің ұшқындарындай күш бар деп тапқан. Осы саланың білгірі, профессор З.М. Инюшиннің лабараториясында да арнайы тексеруден өткен. Қазақстан Республикасының Халық және рухани емшілері мекемесінің толық мүшесі.

Ол бар қасиеті өзінің оң көзінде екенін біледі. Емдеу барысында адамның іш құрылысын анық көреді және көз жанарымен ем жасағанда жараның аузын көз жанарымен күйдіре алатын күшке де ие екен. Ал аяғы ауыр келіншектерге құрсағындағы сәбиінің қыз немесе ұл болатынын анық айтып та береді екен.

Қазір Динара емшінің есігін торығандар мен жолына қарағандар көп екен. Емші өзін толықтай халыққа арнадым деп отыр.

http://tolqyn.kz/tarazda-rentgen-jel-d-riger-ajtar-an-nau-astardy-emdep-zh-r-foto-video/

 

Просмотров: 1031 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]