Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:44
СЫРҚАТҚА ШИПА ІЗДЕГЕН

Мұқағалидың: «Айналайын, қорғаушым, қарғадайын, Кəсібіңе мен сенің басымды ием, Басымды ием, несіне, арланайын...» – деп жырлайтыны бар. Иə, дүйім жұрт мамандығына шын берілген дəрігерге бас иеді. Мамандықты қапысыз дұрыс таңдап, өз ісін шебер меңгеріп, айналасындағы адамдарға мейірімімен қарап, қызметін адал атқарғандар ғана ел алғысына бөленбек. Адаскүл Натбаева да сондай ақ халатты абзал жандардың бірі. Ол 1983-1985 жылдар аралығында Түркістан қаласындағы медучилищені бітіріп, 1985 жылдан бастап «Шипагер» емханасында аймақ аяжаны болып жұмыс істейді. Қазіргі таңда ДА «Болашақ» емханасында əлі де аймақ аяжаны болып жұмыс атқарып келеді. Осы салада 33 жылдан бері халыққа адал қызмет етіп, алдына келген науқастардың қас-қабағына қарап, жылы сөзімен жанына жылулық сыйлайтын Адаскүл Орынбасарқызы қай кезде де халықтың алғысына бөленіп келеді. Желтоқсан көшесінің тұрғындары өз аяжандары Адаскүлге үнемі риза болып, тегін дəрі- дəрмектерді де уақтылы əкеліп береді. Осындай жандарға əрқашан құрметпен, ілтипатпен қарай білейік, өйткені олар соған əбден лайық. Дəрігерлердің төл мерекелері қарсаңында дəрігер Ақмарал Бабасова, аяжандар Салтанат Тлеулиева, Сəуле Қабылова жəне өз көшеміздің аяжаны Адаскүл Натбаеваға ризашылығымызды білдіре отырып, алғыс айтамыз. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.

 

Нұржамал ДƏУЛЕТОВА,

ардагер ұстаз

«Өскен өңір». 17 маусым 2017 жыл.

Просмотров: 1429 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]