| 18:50  Суды қай уақытта ішу керек? | 
| 
				
			 
 Соңғы уақытта қоғамда денсаулықты қалыпты ұстау үшін суды көп ішу қажет деген пікір қалыптасып келеді. Ал, іс жүзінде кез келген дәрігер сізге күніне 2 литр су ішу жеткілікті екенін айтады. Одан артық ішкен суыңыз бүйрекке артық салмақ салады. Сондай-ақ, бұл жерде ең бастысы – суды қандай көлемде емес, қай кезде ішу қажет екенін естен шығармау.
 Міне, кардиологтар осы тұрғыдан мынадай кеңестер береді:
 
 1. Таңертең ұйқыдан оянған соң бірден 2 стакан су ішіңіз – бұл барлық ішкі органдардың «оянуына» көмектеседі.
 
 2. Тамақ ішер алдында 1 стакан су ішкен дұрыс. Бұл зат алмасуды жылдамдатады және жалпы ас қорыту органдарының жұмысын жақсартады.
 
 3. Ванна қабылдар алдында 1 стакан су ішіңіз. Бұл денеңіздің рахаттануына және артериалық қысымды төмендетуге ықпал етеді.
 
 4. Ұйықтар алдында тағы 1 стакан су ішуді ұмытпаңыз. Бұл ұйқыңыздың тыныш болуын қамтамасыз етіп, жүрекке түсетін салмақты жеңілдетеді. Егер осыны күнделікті дағдыға айналдырсаңыз, ұйқы кезінде жүрек талмасына шалдығу қаупі 95%-ға төмендейді.
 
 Айтпақшы, мұндай дағдының тағы бір жақсы жағы – түнде аяқта сіңірдің тартылуын болдырмайды.
 
 
 Дереккөзі: https://uduba.com
 http://reactor.inform.kz/kz/sudy-kay-uakytta-ishu-kerek-a43199 | 
| Просмотров: 1146 | 
Добавил: психолог
 | Рейтинг: 0.0/0 | 
	Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ 
Регистрация | 
Вход ]