Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



09:00
ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Біріккен Араб Әмірлігінің үкімет мүшесі шейх Хассан Абдулкарим Хабиб Мансур Алхерз мырза бастаған бір топ отандық кәсіпкерлермен кездесті. Еуропалық «BITONFLY» фирмасы және оңтүстікқазақстандық Нuray pharmaceuticals ЖШС мен Aquacrystal Croup компанияларының басшылары облыс әкіміне бірлесіп іске асырғалы отырған бизнес жобаларын таныстырды.

Бірлескен кәсіпкерлік топ биыл Шымкент қаласынан дәрі-дәрмек пен медициналық қолданғыш заттар шығаратын зауыт ашпақ ниетте. Жобалық құны 34 млн АҚШ долларын құрайтын, дәрі-дәрмектің 50 түрін шығаруды жоспарлап отырған компа­ния басшылығы облыс әкімінен «Тас­сай» индустриалды аймағынан 7 гек­тарға жуық жер телімін беруді өтінді.
Басқосуда олар Шымкент қала­сындағы Sofia Towers және «Арман» тұрғын үй және сауда орталық­та­ры­ның құрылысын бастағалы отырғанын атап өтті. Аталған ғимараттардың іргетасы алдағы мамыр айында қа­ланбақшы. Кәсіпкерлер бұл жо­баларды Біріккен Араб Әмірлігімен бірлесіп іске асырады. Ал инвес­ти­ция­ның 60 пайызын араб кәсіпкерлері құяды.
Жобаларымен жан-жақты таныс­қан аймақ басшысы оларды бұл істі аяқ­сыз қалдырмай, межеленген мер­зімде бітіруге шақырды. «Жобала­ры­ңыз жақсы. Дәрі-дәрмек шығаратын зауыттарыңызға «Тассай» индус­три­ал­­ды аймағынан жер бөлуге көмек­те­се­міз. Д.Қонаев даңғылында бой кө­те­ретін Sofia Towers тұрғын үй кешені мен Адырбеков көшесінде орналасқан «Арман» тұрғын үй кешенін де мер­зім­нен кешеуілдетпей аяқтау керек. Біріккен Араб Әмірлігіндегі қаржы­лық ұйыммен бірлесіп келісімге қол қойып отыр екенсіздер. Сәттілік тілейміз. Ең бастысы – қолға алынған жұмыс жүйелі әрі сапалы атқарылуы керек», – деді Жансейіт Қансейітұлы.
Біріккен Араб Әмірлігінің үкімет мүшесі шейх Хассан Абдулкарим Хабиб мырза облыс әкіміне алғысын білдіріп, жобаларды қаржыландыруда қолбайлау болмайтындығын жеткізді. «Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуетімен танысып, керемет әсер алдым. Қазақстандық кәсіпкерлермен бірігіп, осы өңірде бірқатар жоба­лар­ды қолға алғалы отырмыз. Алға қойған мақ­сат-міндеттер жоғары деңгейде орын­далады деген сенім мол», – деді шейх.
Кездесу соңында аймақ басшысы Араб елінен келген арнайы қонақ пен отандық кәсіпкерлерді «Шымсити» жобасымен таныстырып, ұсыныс-пікірлері ескерілетінін жеткізді.
Е.МҰРАТБЕК,
Оңтүстік Қазақстан облысы

https://aikyn.kz/2017/03/07/6159.html

Просмотров: 818 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]